Құтқарушылар Алматы облысының жолдарында қар құрсауында қалып қойған бернеше автобус, жеңіл көліктер мен жүк көліктерін құтқарды
Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ - Құтқарушылар Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында қар құрсауында қалып қойған бірнеше автобус, жеңіл көліктер мен жүк көліктерін құтқарды, деп ТЖМ хабарлады.
Ведомство мәліметтерінше, кешегі жұма күні сағат 9-да ТЖД оперативтік кезекшісіне Алматы-Өскемен тас жолының 576-шы шақырымында қар құрсауында 7 ауыр жүк машинасы мен 14 адам, 30 жолаушысымен 2 жолаушылар тасымалдайтын автобус, 22 адамы бар 6 жеңіл көлік қалып қойды деген хабар келіп түскен.
«Олардың барлығы жолдың таза учаскелеріне дейін сүйреп шығарылды. ТЖ жоюға 11 адам мен 5 техника, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-нің 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды», - делінген таратылған хабарда.
Бұл ретте, осы күні Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында құтқарушылар көлігі жол шетінен шығып кеткен Қырғызстан азаматтарына көмек көрсетті.
Хабарда айтылғандай, жұма күні сағат 10-да ТЖД оператвитік кезекшісіне Алматы-Екатеринбург тас жолының 875-ші шақырымында ішінде Қырғызстанның 3 азаматы бар Subaru көлігінің кюветке шығып кеткені туралы хабар келіп түскен. Қарағанды облысының Шет аудандық ТЖБ қызметкерлері сол жерде көмек көрсетіп, көлік ары қарай өз бетімен кеткен.
«Жолдарда зардап шеккендер болған жоқ», - дейді ведомстводағылар.