Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3599 0 пікір 29 Қаңтар, 2011 сағат 12:00

Қызылағаш ісі бойынша айыпталып отырған жетеудің әрқайсысына прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрайды – газет

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Алматы облысының Ақсу ауданында 2010-шы жылғы наурызда су қоймасының бөгетін су шайып кетуден, Қызылағаш аулында адам өлімінің орын алуына байланысты қылмыстық іс Талдықорған горнизоныда әскери сотта қарала бастады, деп «Время» газеті жазады.

«Мемлекеттік айыптаушы Марат Иманғалиев айыпталып отырған жетеудің әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығын айыруды сұрайды», - делінген мақалада.

Газет былтыр наурыздың 11-нен 12-сіне қараған түні Қызылағаш аулын толығымен су шайып, 43 адам қаза болып, 450 үй қирап қалғанын еске салады.

Былтыр ұзаққа созылған тексеруден кейін апатқа айыпты жеті адам - Қызылағаш ауыл округының әкімі Есет Жүнісов, су пайдаланушылардың ауылдық өндірістік «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев, осы кооперативтің атқарушы директоры Мақсұт Жүнісов, Ақсу аудандық ТЖ бөлім бастығы Күнібек Байзақов, Ақсу аудандық әкім орынбасары Берік Тынышбаев, Алматы облыстық ТЖ департамент бастық орынбасары Евгений Енин мен облыстық су ресурстар комитетінің төрағасы Ақдарбек Сабыров қамауға алынғанды. Есет Жүнісов, К. Байзақов пен Б. Тынышбаев ҚР ҚК 316-шы бабы - «салақтық», Қ. Бекеев пен Мақсұт Жүнісов - 232-ші бап - «міндетіне жауапсыздық таныту». Е. Енинге ауыр салдарға соқтырған  қызметіне деген жауапсыздық (381-ші бап, 2-ші тармағы), ал А. Сабыровқа - билікті асыра пайдалану (308-ші бап, 3-ші тармақ) бабы бойынша айыпталады.

«Мен олардың барлығына 5 жыл бас бостандығынан айырып, бірақ оны еркін-қоныс колониясында өтейтін жаза сұрап отырмын. Себебі бұл қылмыс абайсыздықтан жасалған. Бұл заңмен қарастырылған ең ауыр жаза», - деді журналистерге М. Иманғалиев.

Ондағы мәліметтерше, сотқа тартылып отырғандар өздерін айыптымыз деп отырған жоқ. «Бірақ пікірталас әлі аяқталған жоқ. Айтпақшы, зардап шеккендердің кейбіреулері сотталып отырғандарды жалпы тәртіптегі колонияларға жіберілуін сұрайды», - деді прокурор.

Сот келесі аптада шешім шығаратын шығар, деп жазады газет.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019