Астанада өтетін ШЫҰ Саммитінің нақты күні белгілі болды
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 25-28 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің (ҰҮК ШЫҰ) кезекті отырысы өтті.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жылдығына арналған мерейтойлық саммитін 2011 жылдың 15 маусымында Астанада өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Осылайша, Астана саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылған күні» өткізілетін болды.