М.Әуезов атындағы академиялық театрда қырғыз драмтургі Бексұлтан Жәкиевтің «Жүрейік, жүрек ауыртпай» драмасы (Әшірбек Сығайдың аудармасында) сахналанды. Бұл сахналанудың бір ерекшелігі - қазақ театр өнері патриархтарының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ұстаз драмада басты рөлдегі қарияны сомдаған Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаевтың 75 жас мерейтойымен тұспа-тұс келуі. Шымылдық жабылар тұста драманы сахналаушы, профессор Есмұқан Обаев тебірене сөз айтты: «Бүгін театр үшін сәтті күн. 60 жылға жуық уақыт қазақ өнеріне кірпік қақпай қызмет еткен, асылдардың сынығы, көсем актер, әкемтеатрдың ақсақалы Сәбит Қоңырбайұлы 75 жасқа толды. Бұл - біз үшін мерейлі дата. Бәйтерегімізге ғұмыр тілейік».
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |