Көрiк Қозыбағаров. Колпаковскийге Алматыдан көше беру – отаршылдықты ақтап алу деген сөз!
Патшалық Ресейдiң генерал-губернаторы Герасим Колпаковскийге 2007 жылы Ұзынағашта (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) ескерткiш орнатылғанда, қазақ зиялылары қатты күйзелдi. Күйзелмей қайтсiн, Г.Колпаковскийге Қазақстанда ескерткiш орнату дегенiмiз - патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатын ақтап шығу, ақтап алу деген сөз. Яки, Ресейдiң бiр кездерi Қазақстанды отарлауын, Қазақстанға құлдық қамытын кигiзуiн «Бұл - өте жақсы нәрсе, прогресшiл әрекет» деп бағалағанмен бiрдей. Г.Колпаковскийге Ұзынағашта ескерткiш орнатқанымыз өте ұятты iс болды. Бұл - бiздiң бетiмiзге басылған қара таңба!
Жақында Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Жетiсу көшелерiнiң қиылысына жақын жерден Колпаковскийдiң атына берiлген көшенi кездестiрдiм. Сөйтсек, Г.Колпаковскийге тек ескерткiш қана орнатылмапты, сонымен бiрге Алматыдан көше де берiлiптi.
Патшалық Ресейдiң генерал-губернаторы Г.Колпаковский қазақтарды шұрайлы қонысынан көшiрiп, олардың жерiн орыс шаруаларына тартып алып бердi. Егер Г.Колпаковскийдiң орыстарға қазақтан тартып алып берген жерлерiн түгел өлшейтiн болсақ, бұл қазiргi екi облыстың жерiне жетiп қалар едi. Қазақтардың жерiн тартып алу кезiнде Г.Колпаковский казактарды қалай пайдаланды десеңiзшi?!

Әңгiменi көп созбайын. Ендi Г.Колпаковскийдiң 1877 жылы «Московские ведомости» газетiнде жарияланған мақаласынан үзiндi келтiрейiн: «Бұдан 20 жыл бұрын Ақмола, Семей, Жетiсу облыстарына орыс шаруаларын ауылдарға, қалаларға қоныстандыру мен үшiн оңайға түскен жоқ. Орыстар қазақ даласына өздерiнiң тiлдерiн, әдет-ғұрпын және православие дiнiн ала келдi. Мен мұны қазақтарға әсер етпейдi деп айта алмаймын. Қазiргi кезде қазақтардың ескi әдет-ғұрпы, салт-санасы босаңсыды, ал жаңасы әлi қалыптаса қойған жоқ. Ал босаңсыған халық өзiне дiннен тiрек iздейдi. Қазақтар өздерiн мұсылманбыз дейдi, бiрақ көпшiлiгiнiң сол дiн туралы түсiнiгi жоқ. Бұлардың арасында могомет (ислам) дiнiн насихаттап, таратып жүргендер - саудагер татарлар мен бұқарлықтар. Сондықтан оларға кедергi жасай отырып, олардың жолын кесе отырып (бұл ретте түрлi айла-шарғыларға баруға болады), қазақтардың осылай босаңсып тұрған қолайлы кезеңдi сәттi пайдаланып, қазақтарды христиан дiнiне едел-жедел енгiзу керек!»
Мұны жазған - мен емес, Г.Колпаковский! Мен тек аударып бердiм. Құдай-ау, қазақтарды жерiнен айырған, дiнiнен айырған, тiлiнен айырған және осындай қасiреттi iске басшылық жасаған, соның басында тұрған адамға қай бетiмiзбен көше бердiк?
Көрiк Қозыбағаров,
тарихшы,
Алматы.
«Жас Алаш» газеті