Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2870 0 пікір 3 Ақпан, 2011 сағат 07:45

Сенат түстен кейін «Сайлау туралы» және «ҚР президенті туралы» заң жобаларына түзетулерді қарайды

Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ - ҚР парламенті сенатының депутаттары түстен кейін «Сайлау туралы» және «ҚР президенті туралы» заң жобаларына түзетулерді қарайды, деп хабарлайды парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

«2011 жылдың 3 ақпанында сағат 15:00-де ҚР парламенті сенатының пленарлық отырысы өтеді, онда «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы мәселені қарау жоспарланған», - делінген бейсенбі күні сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, ҚР парламентінің мәжілісі бейсенбі күні пленарлық отырысында «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Заң жобасымен «Сайлау туралы» және «ҚР президенті туралы» конституциялық заңдарына кезектен тыс сайлау өткізу мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізіледі. Заң жобасына сәйкес, кезектен тыс президент сайлауы президенттің шешімімен белгіленеді және олар белгіленгеннен кейін екі ай ішінде өткізіледі», - деп мәлім етті президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Талғат Донаков заң жобасын депутаттарға таныстыру барысында.

Түзетулерге сәйкес, кезектен тыс президент сайлауы кезекті сайлау тәртібімен өткізіледі. Сайлау шараларын өткізу мерзімін орталық сайлау комиссиясы (ОСК) белгілейді.

Кезектен тыс сайлаудан кейінгі сайлау бес жылдан кейін «Сайлау туралы» заңда белгіленген мерзімде жарияланады.

«Президент туралы заңға түзетулерге сәйкес, кезектен тыс сайлауда сайланған президент сайлаудың нәтижесі жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде ант береді. Ант беру күнін орталық сайлау комиссиясы белгілейді», - деді Т. Донаков.

Бұдан басқа, заң жобасына сәйкес, кезектен тыс сайлауда республика президенті болып сайланған адам президенттік өкілеттіктерін кезектен тыс сайлау өткізілгеннен соң 5 жылдан кейін өткізілуге тиіс келесі сайлауда сайланатын презилент қызметіне кіріскенге дейін сақтайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371