Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2382 0 пікір 5 Ақпан, 2011 сағат 05:59

Қалалардың табиғатын қорғау қоғамы «улы» зауыттың құрылысына қарсы - Павлодар

ПАВЛОДАР. 5 ақпан.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Олимп»  ЖШС    ұсынысымен   Павлодардың  солтүстік аумағында салынғалы  отырған   натрий цианиді  зауытының  құрылыс  жобасы  «Қалалардың  табиғатын   қорғау қоғамы»  облыстық бірлестігінің  алаңдаушылығын   туғызып  отыр.

Экологтар   өздерінің баспасөз баяндарында,    бұл болашақ кәсіпорынның  өнімі - «күшті бейорганикалық    улардың бірі екенін»  ескертеді.  «Павлодар   онсыз да    өнеркәсіп   алпауыттарының  зиянды    қалдықтарына    тұншығып  отыр,    қоршаған   орта   тағы бір лас  өндіріске   шыдай  алмайды», - дейді экологтар.

Қоғамдық  бірлестік  ҚР Экологиялық кодексінің  57-бабы 3-тармағына  сәйкес,   зауыт құрылысының  жобасы  бойынша    қоғамдық    тыңдау  өткізуге  шақырып  отыр.

«Олимп»  ЖШС-нің жобасы    Павлодар облысының Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының  үйлестіру   кеңесіне   таныстырылған   болатын.   2013-2015  жылдары  жүзеге асырылғалы   отырған  ол жобаның  құны -  11,7 миллиард теңге.   Натрий     цианидін алтын өндіруші   кәсіпорындар   пайдаланады,  ол  өнім   қазір бізге Ресей мен Қытайдан жеткізіліп  отыр.

0 пікір