Мәжіліс Еуразиялық экономикалық қауымдастық сотының мәртебесін ратификациялауды мақұлдады
Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары сәрсенбі күнгі алқа отырысында «Еуроазиялық экономикалық қауымдастық сотының мәртебесін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Еуроазиялық экономикалық қауымдастық сотының мәртебесіне 2010-ші жылы 5-ші шілдеде Астанада қол қойылған.
Палатаның салалық комитетінің қорытындысы бойынша, сот ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ аумағындағы қолданылыатын халықаралық келісімдер мен ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ шешімдерінің біржүйелігін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ сот ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ органдарының шешімдері мен осы ұйым аясында қолданылатын келісім ережелерін іске асыру мәселелері бойынша тараптар арасында туындайтын экономикалық спиаттағы таластарды қарастырады.
Сот аталған ұйымдарда қолданылатын халықаралық келісімдердің ережелеріне түсініктеме береді.
Соттың орналасқан орны Минск қаласы болады.
Сот жұмысын қаржыландыру ЕурАзЭҚ бюджетінің есебінен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі анықтаған тәртіппен (мемлекет басшылары деңгейінде) болады.
Судьяларды қызметке мемлекетаралық кеңес ұсынысымен ЕурАзЭҚ-тың парламентаралық ассамблеясы тағайындайды. Сот қарамағына тараптардан екі судьядан кіреді. Судьялардың өкілеттік мерзімі 6 жылдан.