«Үш қиян» республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газеті
Тақырыптық номинациясы: ағартушылық, әдеби-мәдени, танымдық, әлеуметтік;
Ресурстық тілі: қазақ
Ашылған уақыты: 2009 жыл, ақпан;
Меншік иесі: «Үш қиян» ЖШС
Жоба туралы:
Үздіксіз жұмысына биыл 10 жыл толып отырған «Үш қиянның» киелі Маңғыстаудан шығып жатқан қоңыр дауысына елеңдемейтін қазақ жоқ. Себебі, бұл басылым қазақтың бүгінгі, тіпті әлеуметтік, отбасылық болсын «жаңа, заманауи» күйзелісіне қазақы дүниетаным тұрғысынан қарайды. Жеткен жетістігімізді жар салып насихаттайды. Оқырманға ой салып, рухын оятады. Ал, әдеби, мәдени, рухани ағартушылық бағыттағы тақырыптары қазақы тамырыңызға нәр берері сөзсіз.
Басылымның әсіресе, діни экстремизм тақырыбына жазған салмақты сараптамалық мақалаларын бүгінде көптеген әріптес ақпарат құралдары бағалап отыр. Алыс қияннан шығып жатса да, тәуелсіз елдің ақпараттық қауіпсіздігіндегі алапат жүкті басқалармен бірігіп, тең атаның баласындай көтерісуге, болашақтан үлес алуға жасап жатқан қадамы нық.
«Үш қиянды» оқи жүріңіз, егер газет қолыңызға тимей жатса, басылмының электронды нұсқасына, - қазақ айнасына, өз жүрек айнаңызға қарағандай, бір үңіліп қоюды да ұмытпаңыз.

Газет сайты (ushqiyan.kz) аптасына 2 рет жаңартылып тұрады. Хат жазып, хабарласыңыз, электронды адресіміз: ushkiyan@mail.ru