Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2157 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 00:06

Қазақстан 1997-ші жылғы ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын бекітті

ҚазТАГ - Мемлекет басшысы «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулерімен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп бейсенбі күні президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, делінген Ақ орданың сайтында.

Бұрын сенатқа сілтемелеп хабарланғандай, конвенцияны ратификациялау Қазақстанның халықаралық нормаларға сай ядролық залал үшін жауапкершілікті алуға дайындығы жөніндегі ниетін қуаттайды, тиісінше Қазақстанның атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастығын одан ары дамытуға, оның ішінде ядролық материалдар мен технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың экспорты мен импортын жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«Вена конвенциясын ратификациялау жалпы алғанда ядролық қызмет саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік шараларының тиімділігі үшін негізгі құқықтық тетіктерді енгізуге мүмкіндік береді. Сол арқылы атом қуатын пайдалануға байланысты жұмысты іске асырғанда халық пен қоршаған ортаның қорғалуын  арттыруға мүмкідік береді», - деп бұрын индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамед Әбдібеков құжатты депутаттарға таныстыру барысында мәлімдеген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525