Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1813 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 00:09

Шымкент полицейлері екі апта бұрын жоғалған 28 жасар кәсіпкерді өлтірген адамды тапты

ҚазТАГ - Шымкент полицейлері екі апта бұрын жоғалған 28 жасар кәсіпкерді өлтірген адамды ұстады, деп Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қаңтардың аяғында Шымкенттің Абай ауданының кезекші бөліміне бір әйел шағымданып,  белгісіз жағдайда оның 28 жасар құрылыс бизнесімен айналысатын баласының жоғалғанын хабарлады», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Бір аптаның ішінде Шымкент оперативниктері бұрын сотталмаған 33 жасар Шымкенттікке шықты. «Ол қылмысын мойындап, кісі өлтірудегі себеп, қаза болғанның бұған қайтармай жүрген қарызы екенімен түсіндірді», - деді С. Қаракөзова.

Ұсталғанның айтуынша, ол алдымен қарызгерді соққыға жығып, кейін өлтірген екен. «Кейін салдарынан қорқып, қарызгердің өлі денесін Төлеби ауданына апарып, ашық далаға көміп тастаған», - дейді С. Қаракөзова.

Кәсіпкердің денесі көрсеткен жерден қазып алынып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Факті бойынша, ҚР ҚК 96-шы бабы - «адам өлтіру» - бойынша қылмыстық іс ашылды. Ұсталған уақытша абақтыға жатқызылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543