Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1783 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 00:10

Бұрқасын мен күшті желге байланысты Солтүстік Қазақстанның бірқатар автожолдары көлік қозғалысына жабылды

ҚазТАГ - Бұрқасын мен күшті желге және көріну қашықтығының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстанның бірқатар автожолдары барлық көлік түрлерінің қозғалысына жабылды, деп ККМ хабарлады.

Ведомство мәліметтерінше, бейсенбі күнгі 12 сағаттан «Көкшетау-Рузаевка» автожолының Рузаевка кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі 61-196 км (Көкшетау жаққа) учаскесі; «РФ шекарасы (Екатеринбург) - Алматы» тас жолының Қостанай облысының шекарасынан бастап (Сарыкөл кенті бағатанда), Ақмола облысының шекарасына дейінгі(Жақсы кенті бағытында)  729-856 км учаскесі; «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының Сергеевка кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі (Есіл кентіне қарай) 595-719 км учаскесі; «Мамлютка-Қостанай» автожолының Мамлютка кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі 0-180 км учаскесі көліктің барлық түрлеріне жабылды.

Қостанай облысының облыстық мәндегі автожолдары ауа райының нашарлауы себепті көліктің барлық түріне жабылды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында сондай себептермен «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз»  автожолының  «Ембі-Шалқар» аралығындағы 91-257 км учаскесінде; «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының «Қарабұтақ - Қостанай облысының шекарасы» жолының 0-231 км учаскесі жабық.

Осыған байланысты көлік және коммуникация министрлігі республика халқы мен қонақтарынан жақын күндері ауа райы жайланбайынша сапарларға шықпауын өтініп, Қазақстан гидрометеорологиялық қызмет хабарларына құлақ түріп отыруын сұрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550