Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1986 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 00:13

ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссия алғашқы отырысын өткізді

ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз жұмысын бастады.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау шараларының жалпы ұлттық жоспарын іске асыру бүкілхалықтық іс болуы тиіс. Сондықтан той қарсаңында біз 2011-ші жыл бойы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-эконмокиалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық дамудағы тарихи жетістіктерін паш ету үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек», - деді мемлекеттік хатшы бейсенбі күні отырысты ашып тұрып.

Комиссия құрамына президент әкімшілігінің, үкіметтің, парламент депутаттарының өкілдері мен орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыс әкімдері, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым жетекшілері кірді.

Мемлекеттік комиссия аясында төрт жұмыс тобы құрылды: ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Иекешовтың басшылығындағы  шараны ұйымдастырушылық-қаржылық қамтамасыз ету бойынша; ПӘ жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев басқарған, шараның ақпараттық сүйемелдеу мен қоғамдық-саяси мәні бойынша топ; Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамбет, тиісінше шараның елордада өткізілуі мен мәдени-гуманитарлық мәселелерін  басқаратын болды.

27-ші қаңтардағы президенттің жарлығымен 2011-ші жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жылы деп жарияланған және «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен атап өтіледі.

0 пікір