Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2218 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 07:21

Сайлау штабын басқару - Елбасына адал және тәжірибелі Нығматулинге жүктелді

11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның  кезекті  съезді болып  өтті. Съезде  «нұротаншылар»  сәуірдің 3-іне белгіленген Президент сайлауына  Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын ұсынып,12 ақпанда Назарбаевты қолдау жөніндегі штаб құрылып та үлгерді. Штабтың жұмысын  басқару  ісі «Нұр Отан» партиясы төрағасының  бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллинге жүктелді. Нұрлан Зайроллаұлы білікті әрі іскер басқарушы ретінде танымал болған мемлекетшіл тұлға.

Нығматулиннің сайлау науқанын жоғары деңгейде өткізуге тәжірибесі де жетіп артылады.  Өйткені ол  2004 жылы  сайлау қарсаңындағы  «Отан» партиясының штабын басқарған еді. Нығматуллинің тағы да  штабты басқаруы «Нұр Отанның» қоғам алдындағы беделінің өсіп, салмақты сасяси институтқа айнала бастағанына  дәлел.  «Нұр Отан» соңғы кездері саяси технология тұрғысынан да сауатты жұмыс істей бастады»,- дейді сарапшылар.

Биліктің партиясы шынында да қоғамдық процесстердің модераторы болып бара жатқан тәрізді. Оппозицияның съезді  де «Нұр-Отанның»  съездінен кейін өткізіліп отыр. Бұл  билік партиясының қоғам дамуының логикасын айқындап келе жатқандығын көрсетсе керек. Яғни, сайлау өтпей жатып, «Нұр-Отан» басқа саяси күштер үшін бағдаршамға айналуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Республикалық штабтың құрылуы елдегі қоғамдық күштердің белсенділігін арттыруға бағытталған бірден-бір  қадам деп айтуға негіз бола алады.

Ал енді Нұрлан Нығматулинге келетін болсақ, «оның штабты басқаруы  - ондыққа дөп тиюмен бірдей» дейді сарапшылар.  Себебі, Нығматуллин «саясат майданында» «құралайды көзге атқан мерген»  шығып отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір