Жексенбі, 12 Қазан 2025
Жаңалықтар 4087 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 06:15

Махаббат жыршысы – Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды

Әдебиеттегі ақсақалдарымыздың бірі - жазушы, журналист Әзілхан Нұршайықов 89 жасқа қараған шағында дүние салды. Әз-ағаң екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің өсуіне өзіндік үлесін қосқан қалам иесі. Өз заманында халық пен билік тарапынан құрметке ие болып, өзіне лайықты сый-марапат пен атақ-даңққа қол жеткізді. Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған «Махаббат қызық мол жылдар» романы бірнеше буын ұрпақтың махаббат гимніне айналғанына уақыт куә.

Қазақ әдебиетінің махаббат жыршысы атанған Әз-ағаңның өмірден өткеніне байланысты жазушының оқырмандары мен отбасына, қаламдастарына қайғырып, көңіл айтамыз!

«Abai.kz» тобы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 832
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9936