2010-шы жылы оңтүстік-қазақстандықтардың депозиттер көлемі 10%-ға артты
Шымкент. 16 ақпан. ҚазТАГ. 2010-шы жылы Оңтүстік-Қазақстан облысының жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары - резиденттерінің депозиттер көлемі 10%-ға артты, деп ҚР Ұлттық банкі аймақтық филиалынан (ОҚФ) хабарлады.
«Ол ақшалай есептегенде шамамен Т59 млрд», - дей келіп, Ұлттық банктің ОҚФ бөлімнің бас экономисі Ғалия Сейданова жеке тұлғалардың депозиттерінің артып отырғанын ерекше атап өтті.
«Былтырғымен салыстырғанда өсім 33% болды. Халықтың жеке үлесі - 85%, ал заңды тұлғалардың үлесі 15%-ды құрайды», - деді Ғ. Сейданова.
Ұлттық банк филиалы теңгедегі депозиттер арытп, шетелдік валютадағы депозиттер азаып отырғанын айтады.
«Теңгедегі депозиттерінің көлемі 19%-ға артып, валютадағы депозит көлемі 12% азайды», - дейді Ғ. Сейданова. Сарапшылардың пікірінше оңтүстіктегілер өз жинағандарын валюта секірген жағдайда сақтап қалғысы келіп отырғанын айтады.
«Ал валюталық депозиттен салымшылар долларлық депозиттерді қалайды», - дейді Ұлттық банктегілер.
ҚР ҰБ ОҚФ мәліметтерінше, 2011-ші жылғы 1-ші қаңтарға Оңтүстік Қазақстан облысында банктік жүйеде екінші деңгейлік 17 банк пен олардың 117 бөлімшесі бар екен.