Амантай қажы мемлекеттік тілден емтихан тапсыру үшін орталық сайлау комиссиясына тағы келмеді
Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстан президентінің сайлауына қатысуға үміткер Амантай қажы Асылбек мемлекеттік тілден емтихан тапсыру үшін орталық сайлау комиссиясына (ОСК) тағы келмеді, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.
Лингвистикалық комиссияның мүшелері оны бір сағат бойы күтеді.
Бірақ ҚазТАГ-қа белгілі болғанындай, Амантай қажы сәрсенбі күні Астанаға жолға шықпаған. Ол түстен кейін Алматыда журналистер үшін брифинг өткізуді жоспарлап отыр.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Амантай қажының мемлекеттік тілді еркін меңгеру бойынша емтихан тапсыру уақыты 20 ақпанда аяқталады.
Еске сала кетейік, сайлауға өзін-өзі ұсынған Амантай қажы Асылбек емтиханды 12 ақпанда тапсыруға тиіс болатын. Лингвистикалық комиссияның мүшелері оны 50 минуттан артық күткен, бірақ үміткер емтиханға сол бойы келмеген.
Ал Амантай қажы Асылбек емтиханға келмеуінің себебін емтиханды ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен тапсырғысы келмейтінімен түсіндірді.
«ОСК ғимаратының кіре берісінде үш полицей тұр. Дәлізде тағы үшеуі тұр. Олар ол жерде не күзетіп тұр?», - деді Амантай қажы ҚазТАГ агенттігіне дүйсенбі күні. Ол өзінде күш-құрылымдары органдарының қызметкерлерімен күрделі қатынас қалыптасатынын атап көрсетті.

Сондай-ақ, ол лингвистикалық комиссияның қойып отырған қатаң талаптарымен келіспейтінін айтты.
«Мен емтиханнан міндетті түрде өтемін. Мен қорықпаймын. Мен қазақ тілінде үш газет шығарғанмын. Бірақ мынадай талаптармен емтиханды Жамбыл Жабаев та тапсыра алмайды», - деді Амантай қажы.
Алайда ол қазақ тілін білу бойынша емтиханды қашан тапсыратынын нақтылаған жоқ.
Сондай-ақ, ол президент қызметі үшін таласатынын, бірақ сайлауда жеңіске жететініне сенімсіз екенін жеткізді.
«Назарбаев билік етсін. Мен оған денсаулық тілеймін. Бірақ оны қоршаған адамдар жемқорлық жасап отыр, бұл - Қазақстан мен бүкіл әлемнің жегі құрты», - деді Амантай қажы.
Мемлекеттік тілді білу - президенттікке кандидатқа қойылатын талаптардың бірі. Кандидат емтиханды ОСК-ның лингвистикалық комиссиясына тапсыруға тиіс.
69 жастағы Амантай қажы - «Аттан, Қазақстан» антиядролық майданы мен бейбітшілік маршының лидері президенттік сайлауға қатысуға бейсенбі күні өтініш берген.
Амантай қажының айтуынша, ол президенттік сайлауға осымен үшінші рет қатысқалы отыр. 1998 жылғы президент сайлауында әкімшілік бұзушылыққа байланысты оны тіркеуден бас тартылған. Сондай-ақ, ол 2005 жылы президенттікке кандидаттардың бірі болған.