Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2152 0 пікір 16 Ақпан, 2011 сағат 10:44

Нұра Матай. Бәсекеден бас тартпайтын Бәзілбаев сайлауға түспек

Президент сайлауы десе, атойлап алға шығудан шаршамайтын Жақсыбай Бәзілбаев деген кісі бар. Міне, Жақсыбай мырза да ел қатарлы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді. Бұ кісі бұған дейін екі рет - 1998 және 2005-нші жылдардағы президент сайлауына түсіп, тісқаққан кандидат. Сайлау десе, сайланып шыға келетін Бәзілбаев осымен үшінші рет президент сайлауына қатысып отыр. 1998 жылғы президент сайлауында қарсыласы Нұрсұлтан Назарбаевқа жол беріп, орта жолда сайлау додасынан шығып кеткен еді. Ал, 2005-нші жылы өзін-өзі және ұсынып алып, тағы да жалт беріп сайлауға қатысудан бас тартқан болатын.

Өтен Сәлім, Мұсағали Дуамбеков енді Жақсыбай Бәзілбаев оған Амантай қажы Асылбекті қосыңыз. Міне, Қазақстанның президенттігінен үміткерлер азаматтар. «Нұр Отан» партиясының атынан түсіп отырған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сайлау додасына түсетіндер де жоғарыдағы беймәлім кісілер. Бұл қалай?...

«Абай-ақпарат»

Сурет www.azattyq.org cайтынан алынды

0 пікір