Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2388 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 12:24

Нұра Матай. Журфак жабыла ма?

«Журфак жабылғалы жатыр екен. Ертең сағат 10-да студенттен наразылық акциясын өткізбекші» деген хабар дүңк ете қалды. Елең ете қалдық. Сөйтіп, ҚАЗҰУ-і журналистика факультетінің деканы Ғалия Жүнісоваға хабарластық.

-Апай амансыз ба?

- Сәлеметсіз бе!

-Журфак жабылғалы жатыр дей ме?

- (Күлді) Жоқ, журфак жабылмайды. Бұрынғыдай еліміздегі журналистер даярлайтын бірден-бір факультет болып қала береді. Тек студенттер мен ғылым жолында ізденушілерге жан-жақты әрі терең білім беру үшін және соларға барынша қолайлы жағдай жасау жайымен студенттердің саны екі есе өседі. Және магистрлар мен докторанттарға бөлінетін орын саны көбейеді. Себебі, қазір Phd ге көшіп жатырмыз ғой. Және халықаралық стандарттарға сай болу мақсаты бар. Ішінара өзгерістер осындай тұрғыдан ғана болады. Ал, «журфак жабылады» деген сөз бекер. Жабылмайды. Және өзгерістің студенттерге кесірі тимейді. Қазір осы мәселе бойынша, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

-Рахмет!

Бұған дейінде баспасөз бетінде журфактың баяғыдай емес орыстанып кеткені жөнінде де әңгімелер аракідік айтылған. Студенттер мен оқытушылар да бұл жағдайға қынжылыс білдіріп жүргенін көргенбіз. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов үкіметтік қызметке осы ҚАЗҰУ-дың ректоры болып тұрып кеткен еді. Енді өзінің су жаңа министр ретіндегі «жаңалығына» журфакты құрбандыққа шалып жібермесе болды.

«Маса-ақпарат»

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485