Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2101 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:51

ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ӘЛІ БАСЫНУЫН ҚОЯТЫН ЕМЕС

Қала прокуроры М. Мырзақұловтың айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында прокурорлық ықпал ету актілерімен 21 адамның конституциялық құқықтары қорғалыпты. Мәселен, «Атырау металпрокат зауыты» ЖШС қызметкерлерінің арызы негізінде аталмыш серіктестіктегі еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру ЖШС басшыларының төмендегідей заң бұзушылықтарға жол бергендігін анықтады.
Жұмыс беруші мен арызданушылардың араларында 01.10.2008 жылы жасақталған №№20/2, 22/2 және 23/2 санды еңбек шарттарының 5.2 тармағына сай, жалақы жұмыс берушімен айына кемінде бір рет, келесі айдың 26 күнінен кешіктірілмей төленетіні көзделген. Алайда, ЖШС еңбекақы бойынша бережағы 2008 жылдың қараша және желтоқсан айларына 336 000 теңге (С.Ильясовқа - 176 000 теңге, Т.Ерғожинге - 80 000 теңге, Р.Серикбаевқа - 80 000 теңге) құраған, ал Аджип ҚКО компаниясымен күн сайын Қазақстан жұмысшыларына төленетін үстемақысы 78 000 теңге (С.Ильясовқа - 26 000 теңге, Т.Ерғожинге - 26 000 теңге, Р.Серикбаевқа - 26 000 теңге) құрапты.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасы аталған шаруашылық субъектінің басшылығына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіп, жоғарыда көрсетілген сомалар алажақ қызметкерлерге толығымен өндіріліп берілді.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы халықтың көші-қоны туралы заңнамасы бойынша Атырау облысы әкімиятының жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру комиссиясына заң бұзушылықты жою туралы 2 ұсыныс енгізілді. Қазіргі таңда ұсыныстар қаралу барысында.
Атап айтқанда, «Би энд Дабл Ю Флюид Дайнамикс Инк» компаниясының Атырау қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының талаптарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшінің әкеліну тәртібі мен шарттарын сақтамайтыны анықталып отыр. Жұмысқа қабылданған шетел мамандары, уәкілетті органның бекіткен тізімінде көрсетілген квалификациялық талаптарға сәйкес келмей, олар жұмыстарын басқа мамандықтар бойынша атқарып жатқаны мұнда да орын алған факт.
Мысалы, компаниядағы №2565 санды 14.11.2008 жылғы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатына сәйкес АҚШ елінің азаматы Томас Вильям МакГлейд техникалық басшы ретінде жұмыс атқаруы тиіс. Алайда, тексеру барысында ол, нақтысында, супервайзер қызметін атқарып келгендігі анықталған.
Сонымен қатар, №00437 санды 19.10.2007 жылғы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатына сәйкес АҚШ елінің азаматтары Томас Джеймс Флоулей, Джонатан Вестбрук Райн, Дэвид Кент Уаит, Саммерфилд Юниор, Филлип Дэйп және №00514 санды 07.12.2007 жылғы рұқсатына сай Джерри Алан Такер, Томас Вильям МакГлейд техникалық басшылар (өнеркәсіпте) бола тұра, аталған тұлғалардың барлығы сол уақыттарда нақтысында учаске шебері (мастер) ретінде жұмыс атқарған.
Бұдан басқа, №000831 санды 03.11.2006ж. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатын беру кезінде уәкілетті орган ерекше шарты бойынша жұмыс берушіге қазақстандық азаматтар үшін 4 қосымша орындарын құру және шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша 18 қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды міндеттеген.
Алайда, тексеру барысында компаниямен ерекше шарты - шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру күні бүгінге дейін орындалмағандығы анықталды, яғни 18 қазақстандық азамат техникалық басшы (өнеркәсіпте) (химиялық тазарту, қысым түсіру, импульстік тазарту) деген лауазымы бойынша даярлаудан өтпеген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қаулысының 46 тармағының 2 және 3 тармақшаларына сәйкес, жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған және шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартқан жағдайда уәкілетті органымен рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылады, деп көрсетілген.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы заң бұзушылықтардың болуына ықпалын тигізетін мән-жайларды жоюды және оларды алдағы уақытта болдырмаудың шараларын қабылдауды, ол үшін «Би энд Дабл Ю Флюид Дайнамикс Инк» компаниясының Атырау қаласындағы филиалына берілген №№2563, 2564, 2565, 2566,2567 санды 14.11.2008 жылғы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарын кері қайтарып алу жөнінде ұсыныс енгізді.
- Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда,-деді қала прокуроры, - нақты мысал келтіретін болсақ, тексеру қорытындысымен қазіргі уақытта 300-ге жуық азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында жұмыстанудамыз – яғни, олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам еңбекақы бойынша бережақты өндіру үшін ұсыныстар енгіздік.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда шетел азаматтарының күшін тарту жөніндегі 4 шетел компаниясының рұқсат құжаттарын қайтару жөнінде ұсыныстар қаралуда.

Е. ТАҢБАЕВА.
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588