Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2287 0 пікір 19 Ақпан, 2011 сағат 05:35

2011 жылы Атырау облысында екі аурухана бой көтереді

АТЫРАУ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2011 жылы Атырау облысында екі аурухана бой көтереді, деп мәлім етті аймақ басшысы Бергей Рысқалиев.

Медицина саласының қызметкерлерімен кездесу барысында облыс әкімі 2010 жылы басталған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы жалғасатындығын жеткізді.

Атырауда 180 науқасқа арналған жұқпалы аурулар ауруханасы мен 80 орынға арналған жүйке дертіне шалдыққан науқастарды емдейтін аурухана ашылады, облыстық балалар ауруханасының қосымша корпусы салынып, күрделі жөндеуден өтеді.

Облысқа жоғары білікті мамандар шақырылып, баспанамен қамтамасыз етіледі. Ауруханаларға арналған ең озық технологиялар сатып алынбақ. «Біз бұл салаға ақша аямаймыз. Тек құрылғы бос тұрып қалмай, жұмыс істеп тұрса болғаны», - деді әкім.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475