Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1862 0 пікір 19 Ақпан, 2011 сағат 05:39

Қазақстан чемпионатында бір қызылордалық боксшы финалға шықса, тағы біреуі қола медальға ие болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазіргі күндері Алматы қаласында өтіп жатқан спартакиада аясындағы Қазақстан чемпионатында кеше кешке қызылордалық бір боксшының финалға шығып, тағы бір боксшының қола медальдың иегері атанғаны белгілі болды.

Алдымен 52 келіге дейінгі салмақта сырбойылық Бекболат Жүсіпов Ақмола облысының өкілі Нұрсұлтан Көшеғұловтан тартысты өткен шайқаста бір ұпай айырмашылығымен ұтылды. Есеп - 4:5. Сөйтіп, медальға жол ашатын ширек финалда тараздық Олжас Сәттібаевты жарыс жолынан шығарып тастаған жас жігіт қола медальды қанағат тұтты. Ал 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен еліміздің 2009 жылғы чемпионы, 2010 жылғы финалисі Рустам Сыбаевтан жерлестері көп үміт күтті. Ол маңғыстаулық Сулейман Бердукаевпен болған шайқастың бірінші раундын беріп қойғанымен, қалған екі раундта өз басымдылығын айқын танытты. Мұнда негізінен мықты қорғанысты ұстанып, қарсы шабуылды ұтымды ұйымдастыруды жөн көретін халықаралық дәрежедегі 20 жасар шебер өзінен үш жас үлкен әріптесімен ұрысты сәл басқаша өткізді. Біз бұл жолы жанартаудай бұрқылдап, жасындай жарқылдайтын Рустамды көрдік. Сол жойқын шабуылдар оны жеңіске де жеткізді - 10:4!  Осылай финалға шыққан тарлан енді жексенбі күні алтын медаль үшін күреседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458