Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 19 Ақпан, 2011 сағат 05:41

Бүгін Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 19 ақпан күні Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігіне атмосфералық ағымдар әсер етеді.

Аталмыш аумақтарда қар жауады, түнде оңтүстікте оның екпіні үдей түседі. Ал республиканың қалған бөлігі жоғары атмосфералық қысым белдеуінде болады.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын жүріп, тұман мен 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей аумақтарда - тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы үш тәулікте Сырдария, Шу өзендері мен Алматы облысының өзендерінде температураның төмендеуіне байланысты мұз қату үрдісі күшейеді. Жекелеген өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Республиканың солтүстігіндегі өзендерде (Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы үрдістер сақталады.

0 пікір