Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2487 0 пікір 21 Ақпан, 2011 сағат 09:33

Қазақ журналистеріне құлақтандыру

Өткен аптада өмірінің қырық жылын Қытай түрмесінде өткізіп, ақтық демі шыққанша үйқамақта отырған қаламгер Қажығұмар Шабданұлы жарық дүниеге хош айтып, арғы беттегі ағайын аңырап жылап, арулап жер қойнына тапсырған болатын.

Дүниедегі бар қазақ - бір қазақ. Алаш баласының алтын қазығы - Қазақстан. Қажығұмар Шабданұлының артында қалың елі қазағы қара ормандай болып қасқайып отыр. Жоқтаусыз жан болмайды. Кіндік жұрттағы елі де қара жамылып, Қажы-ағаңды жоқтап отыр. Сейсенбі - Қажығұмар Шабданұлының дүние салған күні. Яғни ертең 22 ақпанда Абай.kz тобы және ұлт жанашырларының ұйымдастыруымен Алматыдағы Бөгенбай батыр мен Абдуллин көшелерінің қиылысындағы «Пугасов» ресторанында түскі сағат 13.00-де Қажығұмар Шабданұлының рухына бағышталып ас беріледі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір