Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2364 0 пікір 21 Ақпан, 2011 сағат 23:08

Руда Зайкенова. Қажығұмар әлемі және «Қылмыс» (жалғасы)

Жалғасы. (Басы http://old.abai.kz/content/ruda-zaikenova-kazhygymar-elemi-zhene-kylmys )

(Б.502, 5-том) -  дей келе   енді қылмыстың бақ құсы басқан іздері мен кірген індеріне қарық болған басшылардың да бастарына қонғандығын, сондықтан да  қасқырдың қояннан кінә іздегеніндей бейуаз адамдардан  емініп-сұрана бергенше өздерінің де мол қылмыстарынан арасында зекет беріп қоюлары қажет екендігін  мысқылдайды. Мұнда автор түрме бастықтарының үстінен де іс қозғалып, қылмысты болғандығын әшкерелеп отыр.

Жалғасы. (Басы http://old.abai.kz/content/ruda-zaikenova-kazhygymar-elemi-zhene-kylmys )

(Б.502, 5-том) -  дей келе   енді қылмыстың бақ құсы басқан іздері мен кірген індеріне қарық болған басшылардың да бастарына қонғандығын, сондықтан да  қасқырдың қояннан кінә іздегеніндей бейуаз адамдардан  емініп-сұрана бергенше өздерінің де мол қылмыстарынан арасында зекет беріп қоюлары қажет екендігін  мысқылдайды. Мұнда автор түрме бастықтарының үстінен де іс қозғалып, қылмысты болғандығын әшкерелеп отыр.

Тіпті жазушы өзін тумай жатып «қылмыскер» етіп көрсетеді, одан кейін жарық дүниеге әкелгені үшін анасын да, әкесін де «қолдан қылмыскер» етіп шығарады. Сондағы айтпағы - егер Қажығұмар Шабданұлы туылмаса, қылмыстардың бірде-бірі болмас еді деген кекесінді зіл. Биғабілдің  атасы Балпаң би әрі бай болған адам екен, сондықтан да жазушы аға-бауырларының атын өзгертіп, Бигелді, Биғазы, Биғабіл, Биғаділ, Биғайша деп ылғи «Би» сөзінен басталатын аттарды әдейі қойғанға ұқсайды. Ал «Би» болмай қосылғандары жастайынан шетінеп кеткендігін жазады. Бірақ Балпаң бидің  тұңғышы Құрманнан туатын болашақ жазушының әкесі Жаппар жастайынан жетім қалып, кедейшілікке ұрынады. Ал Жаппардың шешесі Мейіз ана қыстың қақаған аязында құдыққа оқыс құлап , тілге келмей  жан тапсырады. Бұл туралы жазушы былай деп жазады: «Үш баласы үш жақтан жабысып шуласа да үні шықпай үзіліпті. Әділетті «тергеушім», ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп сенемін. Осы үлкен шешемнің өз құрсағынан шыққан балаларын зар қақсатып, ләм демей рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін қарашы, не деген тасбауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым болмаса маңдайынан ақтық рет бір сипамай, бір жібімей тас болып қатып, панасыз иен құмға тастап кетуін қарашы!.. Неткен рақымсыз қылмыс», - деп  көзге  жас әкелетін көріністі керісінше сипаттау арқылы жүрегіңізді ауыртады. [Б.14] Жастайынан жетімдік тауқыметін тартса да, қайыспайтын қайсар Жаппардың көрген көрешегін жазушы бөлім соңында қылмысқа қарай бұрады: «Сіздің әділетті тырнағыңызға түссе ғой, әлдеқашан өлетін еді» - деуінде астарлы кекесін жатыр. (Б.15.) Өзінің шыққан тегін, ата-бабасының тарихын осы стилъде керісінше баяндау арқылы «сүйек сіңді қылмысын» біресе күлдіріп, біресе күрсіндіріп уытты тілмен баяндайды. Жазушы осы арқылы өзінің ар-ождан тазалығын ғана көрсетіп қоймайды,  кімнің алдында болсын ақтала алар баладай пәк көңілге тұнған запыранын да әр бөлімнің аяқталар тұсына аямай төгіп алады. Дін оқуына жастайынан жетік жазушы құдіретті күшті жаратқан иеге қарсы емес, бірақ өзінің «не себепті қылмыскер» болатындығына ғана көзі жетпейді. Сондықтан да қолдан жасалынған қоғамдық індетке қарсы шығып, оның жандайшаптарын шақпа тілмен шаншып отырады. Осы арқылы  бала күнінде «мылқау» атанған, әр нәрсеге екі беті ду етіп қызара қалатын соншама ұялшақ баланы өмір тауқыметі қалай ашындырып жібергеніне қайран қалмасқа шараңыз жоқ.             Әсіресе оның жақсы адамдардан ұялатындығы қызық. Шекарадан жақында өткен кез. Бұларға қарасып, көмектесіп жүрген Жәміш деген қызға қырындағысы келген бай баласы Тіндәй сырт көзге момын көрінетін Биғабіл арқылы қызбен байланыс жасамақ болады. Өзінше қамқор болғансып, жалғыз ешкілеріне де, өздеріне де басқа балаларды тиістірмей, Биғабілге келіп тұрады. Бір келгенде Биғабілдің шешесі Тіндәйге баласының бір нәрседен қорқып қалмауын, ұялшақтығын, бірақ «онысына қарап бұртыңдаған тұйық бірдеме екен» деп қалмауын, үйренісе келе, онысын қойып, шешіліп кететіндігін, жалғыз-ақ «әке-шешеңді боқта демесең болғаны бұған» дегенді қадағалап тапсырады. Жақсы адамнан ұялатын жерінен бір мысал келтірейік. - Сен неден қорқасың? - Мен иттен қорқамын. - Одан басқа? -  Одан басқа, - деп бөгеліп қалдым. Ілдәйдан қорқамын демекші едім, ол Тіндәйдың ағасы болғандықтан айтқым келмеді. Бірақ біз соның үй жағына бара жатырмыз. Дәл қазір иттен гөрі содан қорқынышым көп еді. Соны айтып қоймай үрпектеген қаупім басылар емес. - Иә, одан басқа? - деп Тіндай қайта сұрады. [Б.136] Қаламгер оның ағасы Тіндәйдың бір сұлу келіншекті ұрғандығынан қорқып қашқандығын, бұдан кейін өзіне ат-жөнсіз тиісе беретін Ақтай, Санатай деген ересек балаларды әкесі ұрғаннан кейін олардан қорықпайтын болғандығын диалог түрінде баяндай келе, әкесінің қасқырды тірідей соятынтындығын, ештеңеден жасқанбайтын мықтылығын айтады. - А, онда сен неге қорқақ болдың және басқа неден қорқасың? - дейді.  - Бір қыздан қорқамын. - Неге? - Қабағы өте суық көрінеді екен. Тіндәй күліп жіберді. Мен Шәуешектен алғашқы көрген қыздың қабағын меңзеп едім. Тіндәй Жәміштің қабағы деп түсінген сияқты. Бұл жәйт есіме енді түсті. - Қыздың қабағынан жігіт қорқа ма екен? - деп күлді ол. - Жоқ, одан қорықпаймын, ұяламын. - Неге ұяласың?  - Мен жақсы адамдардан ұяламын. - Ал менен ше? - Сенен біраз қорқатынмын. Қазір біраз ұяламын. - Мен біраз жаман, біраз жақсы болдым ғой онда?! - деп Тіндәй тағы күлді. - Жоқ, жақсы сияқтысың. - Сен бір қу екенсің! - деп ол жымиды да, қулығымның қайда екенін түсінбей мен жымидым, - дейді.  [Б.137] Бала күнінде әрі қорқақ, әрі ұялшақ көрінетін, ішіне сыймаған нәрсе болмаса, өз бетімен ешқашан сөйлемейтін осы баланың «қырсықтығы да» бір басына жетерлік. Бірде атасымен бірге туысқан бай ағаларының бірі мұны өзіміз өсіріп, бағып-қағамыз  деп бауырына салып алады. Қарны тойып тамақ ішіп, тым жақсы болып жүрген Биғабілге бір күні асырап алған туысқаны әке-шешеңді боқта деп үйретеді. Бұған көнбеген бала қанша уатса да уанбай жылай бергеннен кейін ертеңінде қайтаруға тура келеді. Міне жазушы бойындағы қайсарлықтың туа біткен қасиет екендігін осыдан-ақ көруге болады.

Бір ескерте кететін жағдай, «Қылмыс» романындағы жазушының  әке-шешесі де, бірге туғандары да, тіпті кішкене күнінде шешесімен Қазақстанға өтіп кеткен Маздап деген ұлының аты да өзгертіліп алынған. Ғ.Мұстафиннің «Көз көргендер» мемуарлық шығармасындағы жазушы өзін Сары бала деп алатыны сияқты мұндай тәсіл әдебиетте бар, ал автордың Қажығұмар деген өз атын да, Шабдан деген әкесінің атын да, Қажиякпар, Әжиякпар, Әжіғұмар деп тізбектеле беретін аға-бауырларының да  атын өзгертеп алуына үнемі аңдуда жүргендігі және ағайын-туғанына кесір келтірмеуді ойлауынан туған сақтығы деу керек. Сөйтсе де романдағы барлық оқиға нақтылы өмірден, өзінің жеке басынан алынғандығы айдан анық. Тағы да бір  мәселе, Қ.Шабданұлының әр жерде әртүрлі көрсетілетін өмір жолына байланысты жылдар көрсеткішіне қатысты деректі біз  Қ.Жұмаділовтің және автордың өз шығармасына сүйене отырып алғандығымызды еске саламыз.

Жазушы жастайынан оқуға құмар әрі зерек болғандығы сонша мектепке бармай тұрып-ақ латын графикасын меңгеріп алады, ал нақтылы мектеп табалдырығын аттаған бетте араб әліпбиін үш күннің ішінде үйреніп шығады. Бұған маңайындағылар ғана емес, ұстазының өзі де таң қалады. Бұдан кейінгі   саты альфавит бойынша әрбір әріптің дауыстап айтылуын да «өлермендене жүріп» (өз сөзі) тез меңгереді. «Күндізгі бақылдауым жетпегендей, түнде ұйықтап жатып та бақылдап қоятын болдым» деп күлдіреді автор оқырманды. [Б.196 1том] Үшінші саты әптиекке автордың сөзімен айтқанда «кәләм шариптің қысқаша курсына» келгенде жазушы біраз қиналғанын жасырмайды. Десе де «Надан Жаппардың баласының құранға түсуі» үй-ішіндегілердің үлкен қуанышына айналады. Бірақ бұғанасы қатпаған оның үстіне үнемі аш құрсақ жүретін баланың аласа орындықта үнемі еңкейіп отырып, оқуға бар жан-тәнін  салып кірісуі расында оның қабырғасын қайыстырып жібереді, міне осы арада «қабырғасы қайысып» деген сөз тіркесінің нақты өмірден алынғандығына көз жеткізесіз. Ниеті бұзылған қожаның үшкіргеніне сенбеген Жаппар өзі білетін дұғасының барлығын оқыса да, бала жазылмайды. Ақыры өлім халіне жақындаған  болашақ жазушының қабырғаларына керосин жағып отырып, ірі саусақтарымен сықырлата отырып қайырады. Әр қайырған сайын қойдың майынан бір қасық ішкізіп отырады. Жөтелгенде қабырғасы қаусап түсетіндей күйге жеткен Биғабіл  әредік-әредік жасалған осы емнен кейін беті бері қарай бастайды. «Әкем бір құмыраны жуып, тазартып әкелді де, сүт пісірім уақытта бір рет қарным керілгенше дем шығармай үрлеп жатуымды бұйырды. Бұл - қабырғаны кернелген өз қарныммен көтерудің әдісі екен. Айтқанын екі есе артық орындадым», -  дей келе, әкесі жарты құмыра жылқы майын тауып әкеліп, ұрттата отырып, сол маймен тағы да бірнеше рет қайырғаннан кейін құлан-таза айығып кеткенін жазады. (Б.200,1том) Жастайынан жетім қалып, тесік өкпе болып өскен жазушының әкесі  алысқанын алып соғатын, қажыр-қайраты мол, басын-көзін демей өз ойын ірікпей, тура сөйлейтін бірбеткей мінезінен жасында «жынды Жаппар» атанса да, екі әйел мен жеті баланы бағу жолында жындылығының қайда қалғанын өзі де білмей қалады. Бар балаларының ішіндегі ең зерегі Биғабіл болғандықтан,  бар тапқан-таянғанын өздерінің аузынан жырып, осы баланы оқытуға  жұмсайды. Оны бар жан-дүниесімен сезінетін Биғабіл де әке тілегін орындауға барынша ден қояды. 1941 жылы Дүрбілжіңдегі орталау мектепті бітіргеннен кейін, Үрімжідегі жоғарғы педагогтік мектепте оқиды. Студенттің жыл сайын каникулға келуі отбасына бір мейрам. Отыз күн ораза ұстап, бес уақыт намазын үзбей өткен Жаппардың осы бала үшін қайта-қайта құдайға жалбарынуы шынайы ықыласымен жасалған әке ғибадаты.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435