Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2505 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 03:44

Мәжілісте үш жылдық бюджетке енгізілетін түзетулер талқыға түседі

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін, Мәжілістің жалпы отырысында «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынады.

Заң жобасы бойынша бюджетке енгізілетін түзетулер туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов баяндама жасайды. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тоқтарбай Қадамбаев заң жобасы туралы қосымша түсінік береді деп күтілуде.

Заң жобасын қарап шыққан Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті өз қорытындысын шығарды. Ен бюджетіне енгізілген толықтырулар үстіміздегі жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатын көздейді.

Сонымен бірге жалпы отырыста басқа да заң жобалары қаралады.

0 пікір