Қазақстан көмегі қырғыз фермерлеріне қолдау болады
БІШКЕК. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның бірінші вице-премьер министрі Өмірбек Бабанов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.
Ө.Бабановтың өз сөзінде айтып өткеніндей, Қырғызстан Республикасы үкіметі қызметінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыттарының бірі отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдап, көктемгі егістік науқанын жоғары деңгейде орындап шығу. Осыған байланысты ел үкіметі шаруалар мен фермерлерді қолдау жөніндегі жалпы сомасы 1 млрд. сом болатын «Фермерлерге қолжетімді несие беру» кешенді бағдарламасын әзірледі.
«Бұл бағдарлама жақын арада іске қосылады, халық жылына 9 пайыздық үстемеақымен несие ала бастайды», - деп атап өтті Ө.Бабанов.
Сондай-ақ Қырғызстан-Қазақстан үкіметаралық келіссөздерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі бойынша Қазақстан тарапы Қырғызстан Республикасына қолдау танытуға келісіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін 10,0 мың тонна көлеміндегі дизел отынын, 10,0 мың тонна Аи-80 маркалы жанар-жағармайын жеткізуді ұйымдастыратын болды.
Бұдан бөлек, біздің еліміз гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға 500 тонна жүгері тұқымын бөледі.