Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4659 0 пікір 24 Ақпан, 2011 сағат 10:37

Ақберен Елгезек: «Ақын деген – делдал»

Жылдың басында Қытайдағы қандас бауырларымыздың «Күлтегін»(http://www.kultegin.com/bbs) әдебиет, мәдениет, тарих сайтына  ақын Ақберен Елгезекпен сұхбат жарияланған болатын. Сұхбаттың мәтінін атамекендегі оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

- Ассалаумағалайкум, Ақберен аға! «Әдебиет» аталымы бойынша "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты атандыңыз. Құтты болсын!

- Уағалейкумассалам! Рахмет, бауырым!

- Біз сізді танығалы бері де бірталай шаруаның басын қайырып, игілікті жұмыстарға мұрындық болып жүрсіз. Айталық, өлеңі мен кісілігін ешкім елеп-ескермеген Мұрат Шаймаранұлының жыр жинағын шығару, «Кентавр» жайы дегендей. Қазір қай жақта жүрсіз? Шығармашылығыңызда нендей жаңалықтар болып жатыр?

Жылдың басында Қытайдағы қандас бауырларымыздың «Күлтегін»(http://www.kultegin.com/bbs) әдебиет, мәдениет, тарих сайтына  ақын Ақберен Елгезекпен сұхбат жарияланған болатын. Сұхбаттың мәтінін атамекендегі оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

- Ассалаумағалайкум, Ақберен аға! «Әдебиет» аталымы бойынша "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты атандыңыз. Құтты болсын!

- Уағалейкумассалам! Рахмет, бауырым!

- Біз сізді танығалы бері де бірталай шаруаның басын қайырып, игілікті жұмыстарға мұрындық болып жүрсіз. Айталық, өлеңі мен кісілігін ешкім елеп-ескермеген Мұрат Шаймаранұлының жыр жинағын шығару, «Кентавр» жайы дегендей. Қазір қай жақта жүрсіз? Шығармашылығыңызда нендей жаңалықтар болып жатыр?

- «Ақынды ақын қолдамаса болмайды» деген ғой Мұқағали.  Қазақ әдебиеті қашанда таланттыларға кенде болмаған. Мұрат Шаймаранұлының шығармашылығы - қазақ өлеңі қай аспанда қалықтап, қай мұзартқа ұя салса да ғажайып туындыларды дүниеге әкеле алатынын дәлелдеді. Мүкең Қытайда жүріп-ақ қазақ әдебиетіне құбылыс болып келген ақын. Өкінішке орай атажұртына тылсым өлеңге толы аңқылдақ жүрегін алақанына салып келгенде оны елеп-ескергендер аз болды. Мен Мұрат ағама көмектестім деп айта алмаймын. Егер оның кітабы атамекенінде жарық көріп жатса, ол  -Мұраттың бағы, ол - Мұраттың өлеңдерінің өміршеңдігі. Менің түк қатысым жоқ. Мен тек баспаға ұсынып, қаттап-беттеп, түптеп-жіптеп қана бердім.

Ал, енді «Кентавр» газетіне келетін болсақ, ол өз кезеңінде Қазақстанның ақпарат кеңістігінде, оның ішінде әдеби басылымдар өлкесінде дүмпу жасаған газет болғанын мақтанышпен айта аламын. «Кентаврдың» бетінде көптеген жас таланттардың тұсауы кесілді, ойлы мақалалар, сәтті аудармалар, қызықты естеліктер жарық көрді. Бір қынжылтатыны мынадай алмағайып заманда ол басылымды апта сайын шығарып тұру біздің қолдан келген жоқ. Қаражат таусылды, қолдау азайды, сонымен тындық. Алайда, бастаған істі тастамау үшін, қазір ол газеттің ғаламтордағы нұсқасын дайындап жатырмын. Алла сәтін салса, биыл әдебиет және өнер сүйер қауым ол газетпен интернет кеңістігінде қауышып қалар...

Шығармашылық тұралы айтар болсам, сол ақырындап, күніне бір шақырымдап дегендей, әуеде шалықтап жүрген өлең-құстарды ұстап алуға тырысып бағамыз...

- Өмірдегі мінез бен өнердегі даралық жайлы не айтасыз?

- Мінез деген сөз ақынның жан-дүниесін аша алмайтын секілді... Меніңше ақынның болмысы деген сөз келіңкірейтін сияқты. Болмысың қандай болса, өлеңін де сондай болатын шығар. Жалпы, ақын деген - делдал ғой. Ол тылсымнан тек ақпарат жеткізуші ғана. Керек десеңіз, құдыреті күшті Тәңірдің адам бойына дарытқан ғажайып сезім иірімдеріне қозғау салатын «қоздырғыш» та болуы мүмкін. Сондықтан өлең жазбай жүрген кездегі қарапайым өмірде ақын да пенде.

- Өлеңді не үшін жазасыз?

- Білмеймін.

- Сіз өз шығармашылығыңызға арнап сайт құрып отырсыз. Әдеби шығармалардың оқырманы ғаламтор қолданушыларының күн санап артуымен бірге көбейюде деген пікірге келісесіз бе? Авторлық құқығыңыз бұзылып, өлеңдеріңіз халықтың «мүлкіне» айналған  кездер де болған шығар?

- Жалпы, интернеттің құдыреті ерекше. Қазір әдебиет оқылмайды деген сөзді интернет тұтынушылар жоққа шығарды. Жастар бүгін әдебиетке бет бұрды. Оған ғаламтордың ықпалы өте күшті болып отыр. Екі-үш мың данамен шығатын әдеби кітаптарды таба алмай жүрген қазақты оқымайсын деп жазғыруға болмайды ғой! Ал, ғаламтор сол әдебиетке шөлдеп жүрген адамдарға тамаша бұлақ көзіне айналды. Әрине, интернет тұтынушылардың барлығы сапалы оқырман емес. Ал, оған бас қатырудың қажеті жоқ. Әр ақынды өзінің деңгейіне сай өз оқырманы тауып алады.

-Менің сайтымнан бірталай жас жігіттер лирикалық өлеңдерімді алып, оны сүйгендеріне жолдап, армандарына қолдарын жеткізгенін білемін. Бір қарындасым тіпті, мені өз жігітінің өлеңін ұрлап алғансыз деп жазғырғаны бар. Сосын әлгі сұлудың жігіті хабарласып кешірім сұраған. Онда тұрған түк те жоқ! Менің жүрегімнен шыққан өлең - Алаштың меншігі. Егер менің өлеңім екі жастың арасында махаббат отын тұтатуға, ойлануға септігін тигізіп жатса, мен бақытты ақынмын.

- Соңғы кезде проза жазып жүрсіз. Прозаға арнаулы ат басын бұрдыңыз ба, жоқ әлде, ауылы жақын болғасын есіміме «жазушы» деген сөз қосақтала жүрсін дедіңіз бе?

- Жоқ, мен ең алдымен өлең жазатын адаммын. «Жазушы» деген ат маған қажет емес. Екі-үш әңгімем, бір повесім бар. Ол енді өлеңмен беруге келмейтін ойлардың мәтін түріндегі бейнесі. Ал, жазушы болу оңай шаруа емес. Проза жазу машақатты шаруа. Оған табандылық пен еңбекқорлық керек. Менде соның екеуі де жоқ. Біздікі сол сәті түскенде найзағайланып алып, жүре беру ғой!

- Қытай топырағында жатқан жас ақындар шоғырымен таныссыз. Жасампаздық үрдістегі үндестікті(бірін-бірі тану, бағалау, қолдау жағынан) шекара мен қарып айырмашылығы бөліп жатқан жоқ па?

- Қытайдағы біраз ақын аға-бауырлардың шығармашылығымен таныспын һәм жетістіктеріне сүйсініп отырамын. Бізді интернет арқылы massagan.com деген сайт таныстырған болатын. Оның өзі кейін кезде «тұмауратып» жүр ме, әйтеуір жақын, алыс шетелдегі қандастарымның шығармашылығынан көз жазып қалдық. Төте жазуды білмейтінім ұят енді! Бір үйреніп аламын деп жүрмін. Оның да бұйырған кезі келер деп ойлаймын. Қытайда «Күлтегін» секілді көптеген жақсы сайттар бар екенін білемін. Менің біраз өлеңдерім сол сайттарда жарияланып жүргеннен де хабардармын.

- «Күлтегіндегі» оқырман қауымды соңғы жазған жырларыңызбен қауыштырсаңыз.

- 30-шақты өлеңдер берілді...

- Әңгімеңізге рахмет! Шығармашылығыңызға табыс, шабытыңызға кең тыныс тілейміз!

Сұқбаттасқан Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321