Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 6971 4 пікір 18 Шілде, 2018 сағат 20:30

Жамалиев бостандыққа шықты

2015 жылы Қайрат Жамалиев дейтін «қаһарманның» елді дүрліктіргенін ұмыта қоймаған шығарсыздар. Ол көңілдес әйелімен әуейі болды деп Әліби Жұмағұлов атты жас жігітті соққыға жығып, бір-ақ күнде бар қазаққа танымал болып шыға келген еді.

Фото: lenta.inform.kz

Сол тұста Жамалиев жас жігітті оққағарларымен бірігіп ұрып-соғып қана қоймай, зорламақ болғаны БАҚ беттерінде жазылды. Сондай-ақ, ол «Ірі көлемде ақша бопсалаған», «Адамды қасақана қамап заңсыз ұстаған»,  «Күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген» деп келетін  баптар  бойынша да айыпқа тартылған-ды.

Сол Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 3-бөлігіне сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының шешімімен қалған өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылған.

Қайрат Жамалиев 2015 жылдың тамызында 13 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейіннен үкім өзгеріп, Жамалиевтің жаза мерзімі 13 жылдан 7 жылға азайтылған болатын.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269