Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6867 1 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 13:19

КСРО-ға қарсы астыртын үгіт бойынша Қазақ КСР-і "рекордсмен" болған

М.Мағауиннің айтуынша, 8 алашты 6 алаш еткен Есім хан мен Тұрсынмұхамед сұлтан арасындағы "Қатаған қырғыны" оқиғаларына бұрын тек тарих деп қарайтынмын.

Ал, 2010 жылғы Қырғыз төңкерісінен бері мені режимге қарсы көтерілістер қалай пісіп жетілетіні қатты ойландыратын болды.

Мәселен, 1986 жылғы "Желтоқсан көтерілісі" туралы сан қилы пікір бар..
Кейбір зерттеушілер "Стихиялы көтеріліс" десе, екінші біреулері Кеңес Одағының іргетасын шайқалтып жіберген сол дүрбелеңді әлдебір топ ұйымдастырды деседі.

Александр Владимирович Пыжиков дегеннің "Хрущев жылымығы" атты зерттеу кітабында КСРО Қауіпсіздік Комитетінің 1965 жылғы ("Желтоқсан көтерілісінен" 21 жыл бұрын) мәліметтері бойынша жергілікті кеңестерге депутат сайлау барысында Орталыққа қарсы астыртын үгіт бойынша Кеңес Одағы құрамындағы 15 республика ішінен Қазақ КСР-і "рекордсмен" болғанын айтады.

Олай болса, "Желтоқсан көтерілісін" стихиялы деп айтуға болады ма?
Керісінше, 1986 жылы отаршылыққа қарсы күрестің алғы шарттары толық пісіп жетілгені болса керек.

Жастар алаңға Д.Қонаев үшін шыққан жоқ. Республика басшысының ауысуы ұзақ жылдар бойы отаршылыққа қарсы ыза-кектің сыртқа лықсып шығуына түрткі болды.

Еліміздегі жекелеген қылмыс санының артуына ауылдан қалаға қоныс аударушыларды кінәлаушылардың көздегені не?

Жекелеген қылмыстардың бір арнаға тоғысып кету мүмкіндігі қандай?

Оның салдары қандай болмақ?

Оны зерттегендер бар ма?

Өмір Шыныбекұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393