Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4227 2 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 13:33

Халықтың ниеті тарылып кеткен жоқ

Ауылға кетіп бара жатқанда, Алматының вокзалынан алма ала кеткім келіп, шелекке салып сатып жүргендерден бағасын сұрадым. Шелегі толып тұрған сияқты еді, сөмкеге ақтарып қалғанда, бес-алты алма ғана топ ете түсті. Қулықтарына күлкім келіп кетті.

Сатып жүрген өзімнің томпиған қаракөздерім. Алдап сатып тұр дейін десең, шелекті де, ішіндегі алманы да көрсетіп тұрып салып беріп жатыр. Ештеңе деген жоқпын. Үш қыздан үш шелегін алдым да, купеге кіргелі жатқанмын. «Алмаларың аз екен ғой!» деген дауыс естілді. Бұрылып қарасам, бір апа солармен саудаласып жатыр екен. Ақшасы жетпейтін болып, тағы бір шелегін ұстап келген төртінші кішкентай қыз алмасын өткізе алмай, бұртиғандай болып тұрып қалды. Тиын-тебенін санап тұрған апаға бір шелегін сатып алып бердім де, апаның да алғысы алып, қарындасты да риза қылып, купеме кіріп кеттім.

Осы лентада жаңа ғана біреулер сол қыздардың шелекке алманы қалап тұрып салып жатқан видеосын жариялапты. Халықтың ниеті тарылып кеткен жоқ, халық саудасын істеп, күн көріп жүр.

Бәріне, халыққа да басқа көзбен, ағалық көзбен, қамқор көзбен қарауды үйренейікші, бауырларым...  

Жолымбет Мәкіштің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394