СССР-дың бас газеті «Правдаға» ең көп жазылған өзбектер екен
СССР-дың бас газеті «Правда» күн сайын 10 миллион данамен шығатын, бағасы үш тиын тұратын.
Сол заманда бұл газетке ең көп жазылған ұлт – өзбектер екен. «Өзбектер орысша білмейді, бірақ газет тиражын қалай арттырып отыр?» деп біреу зерттеген ғой.
Сөйтсе, «Правданың» оңайлықпен жыртылмайтын ең сапалы қағазға басылатынын жақсы білген өзбектер үш тиындық «Правдадан» күніне 21 тиын пайда тауып келіпті. Яғни бір газеттен жеті қалта жасап, әр қалтаны үш тиыннан сатқан екен.
Базардағы саудагерге де, тұтынушыға да ыңғайлы газет-қалтаның саудасы қатты қызыпты...
Төреғали Тәшенов
Abai.kz