Тауда жоғалған баланың өлімі - жазмыш
"Баланы ата-әже тәрбиесіне бермеу керек", - деп ақыл айтқан психологтың (ұмытпасам) мақаласын көзім шалып еді өткенде. Енді бүгін баланы ағайын-туғанына ауылға жібермеу керек деген сыңайдағы пікірді көрдім.
Сандырақ екеуінікі де! Қазақтың небір тұлғаларының бәрі - бесік жырын естіп, ата-әжесінің тәрбиесін көріп өскендер!
Ал тауда жоғалған баланың өлімі - жазмыш. Иә, үлкендердің салғырттығы, бірақ бұл ағайын-туғанға балаңды жіберме, олар қарамай "өлтіріп" тастайды дегенді білдірмейді.
Ұлттық тәрбие тізгіні босады, үлкендердің өздері мәңгіріп жүргенде жастарды кінәлағанды қою керек.
Айгүл Болатханқызының Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz