Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4265 2 пікір 3 Тамыз, 2018 сағат 09:44

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде Ресей тыңшысы жұмыс істеген

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде Ресей тыңшысы он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, деп жазды британдық The Guardian газеті. Басылым арнайы қызметтегі дереккөзіне сүйенген.

Басылым қызметкердің есімі мен қызметін атамады.

Ол әйелді АҚШ құпия қызметі жұмысқа алған. Ол елшілік электронды поштасы мен ішкі желісіне еркін кіре алған. Тыңшы АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенстің жұмыс кестесіне қатысты құпия мәліметтерді алып отырған болуы керек.

2016 жылы арнайы қызмет елшілік қызметкерінің Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің адамдарымен кездесулер өткізгенін анықтаған. The Guardian газетінің хабарлауынша, Ресей азаматын шу шығармастан жұмыстан шығарып жіберген. Ол 2017 жылы Ресейдің америкалық дипломаттардың елден шығарылуы қарсаңында жұмыстан шығарылған, делінеді газет мәліметінде.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730