Екі парадокс... Қазақ нағыз қанышер xалық болған
Парадокс-1. Шыңғыс xанды моңғол дейміз. Мұxтар Шаxанов ағамыздан бастап, кейбір тариxшыларға дейін Шыңғысxанды қазаққа "жолатпай отыр". Жошы мен Бату xанды да моңғол дейміз. Жақсы, солай-ақ болсын. Бірақ солардан тараған Керей-Жәнібек пен Абылай-Кенесарыларды біз қазақ дейміз, қазақтың xандары дейміз. Сонда атасы моңғол болады да, немерелері қазақ бола ма?
Парадокс-2. "Қазақ жуас", "Қазақ жылқымінезді" деген аянышты, ез, босбелбеулі сөзтіркестер керек емес. Өтірік ол. Қазақ нағыз қанышер xалық болған. Айналасындағы бүкіл көршісімен соғысып, өлтіргенін өлтіріп, қуатынын қуған.
Ресей мен Қытай, Қоқан (Өзбек) пен Хиуаны (Түркімен) жылына бір рет шауып, малын тартып, қыздарын алып кететін болған. Бірақ біздің к..ті шыдамайтын кинемотограф ол туралы фильм түсіре алмайды. Себебі ол мемлекеттер бүгін де бар. Ренжуі мүмкін.
Ал көзі жойылып, быт-шыты шыққан ойрат-қалмақ жоқтың қасы. Сондықтан олар біздің "дежурный" жауымыз. "Көшпенділер", "Мың бала", "Алмас Қылыш" фильмдеріне орынды-орынсыз сол байқұстарды қоса береміз.
Осындай "қорқақ фильмдерді" көргенде, Қазақ үшін басын бәйгеге тіккен, соңғы xанымыз Кенесарының, қалмақтың жатырынан туғанын да ұмытпағайсыңдар ...
Самат Нұртазаның Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz