Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Сүйінші! 4926 7 пікір 9 Тамыз, 2018 сағат 12:50

Абай пайдаланған шкаф табылды

Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігер ретінде жоғары бағаланған шкаф Абай Құнанбаевтікі болып шықты, -  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шкафты музейге аталмыш өңірдегі А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров табыс еткен екен.  Ахметбектің  айтуынша, Зере оған нағашы әже болып келеді.  Бірде Құнанбайдың туысы, Тұрған есімді әйел адам ауылына төркіндеп барғанда,  Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту еткен көрінеді.

Одан кейінгі жылдары ол кісі (Тұрған) қыз босанып, оған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды. Бүлдіршін Зере бой жетіп, Сыр өңіріне келін болып түскенде осы шкаф жасауымен бірге келеді, – дейді аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері.

Осылайша Ахметбек Іскендіров қаншама жыл көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені аудандық өлкетану музейіне табыс еткен.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 995
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2542
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 670