Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2233 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:14

Айнаш ЕСАЛИ. Ұлттық жобамыз халықаралық дәрежеде ұлықталады

Бүгін Алматыда “Мәдени мұра” ұлтық жобасы аясында екі күнге созылатын “Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер үнқатысуындағы рөлі” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастайды. Оның жұмысына 10 елден өкілдер келіп отыр. Кеше осы оқиғаға орай Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында мәслихат өтті.
Халықаралық шара алдында Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Сайыров, М.Әуезов қорының ди¬ректоры Мұрат Әуезов, “Өрке¬ниеттер үнқатысуы” әлемдік қоғамдық форумының атқарушы директоры Владимир Куликов, Ресей Федерациясы Федералдық жиыны Мемлекеттік Думасы конс¬титуциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары Сергей Сметанюк, Ресейдегі “Добросо¬сед¬ство” қорының бас директоры Николай Алисов журналистермен кездесті. Олар халықаралық ғылы¬ми-теориялық конференцияда қаралатын мәселелерден хабардар етті. Екі күнге созылатын кон¬фе¬ренция “Мәдени мұра” ұлттық жо¬басын халықаралық дәрежеде наси¬хаттау, Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзекті мәселелерді шешетін, халықаралық өркениеттер үнқатысуының алаңына айналдыру, сондай-ақ, Қазақтың ұлттық та¬рихи-мәдени мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу сияқты үш бірдей міндетті алдына қояды. 

Бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, еліміздің Мәдени саясат және өнертану институты мен “Өркениеттер үнқатысуы” халық¬ара¬лық қоғамдық форумы бірлесіп өт¬кізеді. Халықаралық конферен¬ция¬ның стратегиялық әріптесі – “Нұр Отан” партиясы.
– Қазақстан Еуразия кеңістігі¬нің географиялық кіндігі болған¬дық¬тан, мемлекетіміз осы аймақ¬тағы интеллектуалдық ой ордасы бо¬луы қажет деп ойлаймыз. Кон¬фе¬ренцияға Еуропа мен Азияның он елінен айтулы азаматтарды шақырдық. Олар мәдени және гуманитарлық салаларда келелі ой толғап жүрген мамандар.  Конфе¬рен¬ция аясында өтетін төрт сек¬цияда түркі-славян қауымдас¬ты¬ғының өткені мен болашағы, Еур¬азия құрлығындағы үлкен геосаяси және геомәдени үдерістердің қалай өтіп жатқандығы туралы тақырып¬тар талқыланады. Оның ішінде біз¬дің ең басты көздеп отырғанымыз –   “Мәдени мұра” мемлекеттік бағ¬дарламасын халықаралық дә¬режеге шығарып, осы аумақтағы жаңа¬шыл бағдарламаның бірі ретінде көрсету, – деді Ерлан Сайыров.
Жоспарланып отырған іс-ша¬раға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, ақын Олжас Сүлейменов, “Өркениеттер үнқатысуы” ӘҚФ президенті Владимир Якунин (Ресей), Чехияның экс-премьері Милош Зиман, Еуропа Кеңесінің бұрынғы бас хатшысы Вальтер Швиммер (Австрия), Оксфорд университетінің профессоры Тарик Рамадан (Ұлыбритания), “Жаһандану қоғам мүддесі үшін бастама” ұйымының жетекшісі Мофид Камран (Ұлыбритания), Браун университетінің вице-пре¬зиденті Дэвид Кеннеди (АҚШ), “Әлемдік үдеріс” қоғамының президенті Кехлер Ханс (Авс¬трия) мырзалар қатысады. Олар¬дың арасында Қытай, Италия, Үндістан, Швейцария, Чехия, Ресей, Литва, Эстония сынды елдердің зиялы қауым өкілдері бар.

Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
«Егемен Қазақстан» газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604