Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3160 1 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 10:51

Сәуленің сәулелі бір ісі

Сәуленің Жанпейісованың әншілігіне әңгіме жоқ қой. Төлеген ағамның «Ақ жаңбырларына», Маралтайдың «Алатауына» жазған әнінен кейін композиторлығына да ден қойғам. Енді Сәуленің өзім байқаған басқа бір қыры туралы айтқым келіп тұр.

Былтыр Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойын атап өту үшін Мәскеуге бардық. Жоспарланған шаралар біткеннен кейін біз елге қайтуға қамдандық, Сәуле Ессентукиге аттанатын болды. Біздің ұшағымыз кешке еді, ал оның уақыты тым аз. Алматыдан аттанарда бір журналист дәрі ала келіңіз деп қолқа салған екен. Тек қана Мәскеуден табылатын дәрі. Келгелі бері соны интернет арқылы іздеген ол ақыры тапты.

Енді барып алса, ұшақтан кешігуі мүмкін. Әуелі «Мүмкін, сен аларсың...» деп маған қараған. Мен келісіп едім. Бірақ Сәуле айнып қалды. «Жоқ, өзім барып алуым керек. Аманат қой...».

Ақыры шығарып салушыларды ойбайлатып жүріп, дәріханаға соғып, алып, Төлеген ағамның қыздарының қолына ұстатқаннан кейін ғана көңілі көншіді. Алматыға хабарласып, дәріні кімнен алатынын ескерткеннен соң ғана әуежайға бет алды. Аманатқа адалдық, уәдеге беріктік деген жақсы қасиет қой, бұрын да сыйлаушы едім, енді тіпті қатты жақсы көріп кеттім.

Бауыржан Бабажанұлының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485