Осы әнді естіген сайын ұяламын
..."Қазақ болып тумағанда нетер ем?" деп келетін ән бар ғой. Осы әнді естіген сайын ұяламын. Не деген жалған намыс деймін да...
Әр жолына таласым бар...
"Бұл жалғаннан бақыт таппай өтерем" - ең бақытты ел Қазақстан ба? "Бақыттылық индексін" бастамайтынымыз анық...
..."Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда" - арxаизм! Қай қазақ ат мініп жүр екен қазір... Қала қазақтарын жылқы жігерлендірмейді... Ауыл қазақтарын да қоздырмауы мүмкін... Байырғы қазақтарға әсер еткен болар...
..."Мен қазақпын. Түрім қазақ тіл қазақ" - таласым бар. Астанада орысша сөйлейтіндер қазақша сөйлейтіндерден көп сияқты...
Енді қазақтар ұлт ретінде елдің алдында емес екені рас қой... Соңында да емес болар...
Дегенмен...
...Осы әнді тыңдағанда бәріңізде де сондай (мендегідей) сезім бола ма, әлде "мен қазақпын" деп көкірек соғасыздар ма?..
Шыңғыс Мұқанның Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz