Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4249 7 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 13:05

"Офицерлік ождан" алдамшы ұғымға айналды, ендігі кезек "спорттық мінезге" де жетті ме?

Бала кезімізде "Көшпенділер" мен "Аласапыранды" оқып өскен ұрпақпыз ғой, батырлар мәрттігі бос сөз емес деп сендік. Орыс классиктеріндегі, Толстойдың болконскийлері офицерлік ожданның саф үлгісі боп сіңді. Момышұлының пафосты шығармалары, екінші жаһан соғысындағы сансыз ерліктер дастаны... бұлар да сарбаз сертінің өмірде бар екенін санамызға құйды.

Алайда, алайда орта жолда бұ түсінікке сызат түсті. Әуелі бетке ұстар генералдарымыз теріскей Кореяға әскери ұшақ сатты. Сосын, топырлап жемқорлық дауы шықты да жатты... Ұрлады, жеді, қамалды, құтылды. Үйреніп кеттік. Офицер ожданы деген ұғым адыра қалды. Аяғы Жаңаөзенде қарусыз жұртқа оқ атқызды, жауапкершілік көтеруге бір генералдың жігері жетпеді... Жарайды, бұл - таптаурын хикая. Айтпағым басқа...

Офицерлік ождан ұғымы жемқорлық жайлаған елде жоққа айналғанымен, тарихта да, әділ қоғам құрған, әскери дәстүрі берік елдерде де әлі бар ұғым. Тірі түсінік.

"Офицерлік ождан" сияқты спорттық мінез деген де ұғым бар. Яғни, спорттық мінез - табандылық, бәсекеге құштарлық, жеңіске де, жеңіліске де даяр болу, жігерді жанып отыру, командаласты сатпау... Осы көп шарттың ішіне "бапкерге опасыздық жасамау" дегенді де енгізуге болады. Кешегі көрпе астына камера тығып, жаттығуға бармай, бапкерін ашуландырып, намаз оқыған болып, арандатқан балаларда спорттық мінез бар ма? Олар білуімше, спорттық команда мүшесі болу үшін мемлекет есебінен оқып жатқан жеткіншектер. Енді бапкеріне сатқындық жасады, өзге командаластарын жетекшісіз қалдырды. Бапкерлік жоспарлар, әр жас спортшыға арналған үміттер мен жобалар адыра қалды.

Өкініштісі, балаларын оқудан шығарып әкеткен ата-аналардың видеожолдауын көре алмадым? Не өкінген, не айыптаған... Әлде арсыздық пен сатқындық ұмытылып кетеді деп ойлай ма? Ұл өсіріп, оны спортқа беру - ең алдымен мінез шыңдау болса керек-ті...

"Офицерлік ождан" алдамшы ұғымға айналды, ендігі кезек "спорттық мінезге" де жетті ме?..

Қасым Аманжол

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454