Жұма, 22 Қараша 2024
4164 2 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 14:01

АҚШ-тың Ресейге қарсы Скрипаль ісі бойынша санкциясы күшіне енді

Британияның Солсбери қаласында бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улауына байланысты АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциясы күшіне енді. 27 тамызда айыппұл шаралары АҚШ үкіметінің ресми журналында жарияланды.

Санкция шұғыл гуманитарлық көмектен басқа Ресейге сыртқы көмекке тыйым салынады. Ресейге кез келген несие мен несие кепілдіктерін беруге, ауыл шаруалышығы өнімдерін жеткізуге тыйым салынады.

Мұнан бөлек, санкцияға сәйкес қару-жарақ және кез келген қорғаныс тауарын сатуға тыйым салынады. Бірақ "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" ғарыштық салада қарым-қатынасқа шектеу қойылмайды.

Егер Мәскеу жақын арада химиялық және биологиялық қару қолданбауға кепілдік бермесе, АҚШ тағы да қосымша санкциялар салмақ. Атап айтқанда, "Аэрофлот" әуе компаниясына АҚШ-қа ұшуға тыйым салады.

Вашингтонның кезекті санкциясы қарсаңында рубль тағы да құнсызданды.

Лондон Скрипальге қастандықтың артында Кремль тұр деп мәлімдеді. "Новичок" химиялық дәрісі СССР тұсында жасалынған. Мәскеу болса, барлық айыптарды жоққа шығарады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321