Жұма, 22 Қараша 2024
4962 1 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:18

Қорғаныс министрі Һәм Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының президенті

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының президенті болып сайланды. ҚазАқпарат солай деп жазды. 

Белгілі болғандай, Бүкілқазақстандық қоян-қолтық айқас қауымдастығының президентін қайта сайлау - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасы. Аталған бастамаға қолдау білдірген қауымдастықтың басқа мүшелері бірауыздан Нұрлан Ермекбаевқа дауыс берді. Бүгін Астанада өткен жиынға Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге аталмыш қауымдастықтың бұрынғы президенті Амантай Күренбеков те қатысты.

«Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығын басқаруға сенім білдіргендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Қоян-қолтық ұрыс - өте маңызды спорт. Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Спортпен шұғылдану, дене шынықтырумен айналысу - өмірдің әр саласында түрлі қиындықтарды жеңе білуге, жеңіске жетелейтінін» айтты. Осыған байланысты армия үшін, Қарулы Күштер үшін спорттың қолданбалы түрінің маңызы ерекше. Біз осындай жұмысты жалғастырамыз деген ойдамын. Қауымдастық бірнеше жыл бойы жұмыс істеп, осы мерзім ішінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді», - деген Нұрлан Ермекбаев Амантай Күренбековтың арқасына шапан жапты.

Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысы әрдайым салауатты өмір салтына, оның ішінде спорт саласына маңыз беретінін атап өтті.

«Қазіргі кезде Қарулы күштердің деңгейі айтарлықтай көтерілгенін көріп отырмыз. Қазақстан спортшылары қандай жарыстар болмасын, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жатыр. Мен, әлбетте, барлық спорт бірлестіктерінің атынан Нұрлан Байзақұлын қауымдастық президенті болып сайлануымен құттықтаймын. Нұрлан Байзақұлы - өзі де керемет спортшы, көптеген сайыстардың жеңімпазы, 1988 жылы спорт шеберлігіне үміткер атанған. Қауымдастықтың дамуына жаңа көкжиектер ашылғанына сенімдімін», - деген Арыстанбек Мұхамедиұлы Амантай Күренбековке Алғыс хат табыс етті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321