Кет дегенде ит те кетеді, Қасымов мырза!
Іштей шіріп жатқан, ішкі істер министірлігі қашан тазаланады?
Жәбірленуші болып жазған арызың, ақша бермесең қаралмайды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің ақшасын алып жағдайын жасап береді. Алаяқтарды ұстау мүмкін емес, оларды полиция крышоват етеді.
Былтыр Бәйдібектегі зорланған қызы дәлелденіп шықса да, істі жауып жіберуге тырысқан ішкі істер бөлім басшысы мен тергеушілер ешқандай жаза алмай жұмыс істей береді.
Бәйдібекте төрт ай бұрын жазған арызың сол күйі қаралмайды. Атыраудағы ІІД-нің басшысының жүрісі анау миллион долларлап казино ойнап ұттырып. "Ол досының ақшасы екен деген ертегіні Елбасыға айтып сендіргенмен, халық оған сенбейді. Себебі қылмыстық ісі жоқ болсада , істі жауып берем деп пара алатын басшылар сіздің ішкі істеріңізде толып жатыр.
Жаза берсем былық көп, сіздің жұмысыңызды реформа құтқармайды. Оданда отставкаға кеткеніңіз дұрыс!
Қәзіргі таңда полиция біздің досымыз емес, дұшпанымыз сияқты. Елбасыға қай бетіңізбен отчет беріп жүрсіз? Жұмыс істеп жүрген төменгі полиция қызметкерлерінің жағдайы да мәз емес! Е, зейнетақы қоры жоқ, пәтерақы жоқ, айлықтары 70 мың теңге. Осының арқасында елімізде пагондағы қылмыскерлер көбейген! Е өз қызметкерлеріңіздің жағдайын жасай алмасаңыз, е халықтың қауіпсіздігін қорғай алмасаңыз неғып отырсыз ол орында?
Айгүл Орынбек
Abai.kz