Мәлімдемеде Алмазбек Атамбаевтың беделін түсіру мақсатында, ол мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатыр екен деген қоғамда жалған ақпарат таратылып жатқаны айтылған.
"Көптеген адамдар бізге түсіндіруді сұрап жатыр. Жалған қауесетті таратып жатқан БАҚ-қа қарап, олардың артында кім тұрғанын тану қиын емес. Ал құқық қорғау органдары бұл арандатуға әдейі мән бермей отыр. Соған қарағанда, биліктің кейбір өкілдерінің жеке мүддесі тұрған секілді. Билік өкілдерінің үнсіздігінен кейін, біздің түсіндіруімізге тура келді", - делінген мәлімдемеде.
ҚСДП өкілі Құндыз Жолдубаева Атамбаевта билікті заңсыз жолмен тартып алу ниеті жоқ екенін айтады. Ол қоғамда таратылып жатқан қауесеттің артында биліктің кейбір өкілдерінің жеке мүддесі тұр деп болжайды.
ҚСДП мәлімдемесінде, қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясатының саяздығы, саяси оппонентерін қудалап, әлсіз экономикалық саясат жүргізіп отырғаны, халықтың наразы көңіл-күйін өсіріп жатқаны айтылған.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің әкімшілігі бұл мәлімдемеге жауап бермейтінін айтты.
Abai.kz