Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4323 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 03:41

Павлодарда өткен көшпелі отырыс барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары индустриялық саясат мәселелерін талқылады

ПАВЛОДАР. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше Павлодарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті өзінің көшпелі отырысын елдің индустриялық дамуы мәселесіне арнады.

Оның жұмысына аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, облыстың атқарушы органдарының өкілдері, мәслихаттар депутаттары мен бизнесмендері қатысты.

Мәжілісмендер отырыс алдында өткен жылы инновациялық жобаларды іске қосқан Павлодардың кәіпорындарында болып қайтты. Облыс - индустриялық дамуды жүзеге асырып жүрген елдегі аймақтардың көшбасшысы, мұнда өткен жылы іске қосылған жалпы құны 100 млрд. теңге болатын 30 жобаның барлығы жұмыс жасауда. Жыл аяғына дейін қосымша 34 жоба жүзеге асады.

Республикада Павлодар облысы еңбек өнімділігі бойынша бірінші орында тұр. Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер 11 млн. теңгенің өнімін шығарды, 2015 жылға қарай экономистердің болжамы бойынша бұл көрсеткіш 17 млн. жетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668