Сенбі, 23 Қараша 2024
2248 0 пікір 12 Қыркүйек, 2018 сағат 12:48

Жаңа заң жобасы жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыра ма?

????????????????????????????????????

Парламенттің төменгі палатасында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті.

Таныстырылымға Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов төрағалық етті.

Ұсынылып отырған түзетулермен Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев таныстырды.

Заң жобасы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, көліктегі бақылау функцияларын оңтайландыру, ұлттық заңнаманы теңіз, теміржол және автомобиль көлігі мәселелері бойынша халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлардың өткізілуін бақылауды жетілдіру, сондай-ақ көлік саласындағы қолданыстағы заңнамада қайшылықтарды, олқылықтарды және коллизияларды жою үшін әзірленген.

Ең алдымен республикалық жолдардағы көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесінен бас тарту көзделген. Осындай тексерістер жүргізу үшін нақты негіздеме тізімі енгізіледі. Тармақтарда арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарында (ААӨҚ) тіркелген заң бұзушылықтар; шетел көлік құралдарының жүріп өтуі; ААҚӨ арқылы дұрыс жүріп өтпеу; көлік құралының уәкілетті органда тіркелмеуі; мемлекеттік органдармен бірегей шаралар өткізу сияқтыт мәселелер қамтылған.

Бұл тәртіпті енгізу 100 мың ауыр жүк көліктерін тоқтатуды қысқартуға, көліктің жүру жылдамдығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, ААӨҚ жүйесінен алынған мәліметтер тасымалдаушыда рұқсаттама құжаттарының, техникалық байқаудан өткен-өтпегенін білуге және төленбеген айыппұлдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Заң жобасының бірқатар өзгертулері жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған. Автомобиль көлігі туралы заңның нормалары тұрақты халықаралық рейстерді жасағанда жолаушыларды Қазақстан территориясы бойынша елдімекендер аралығында тасымалдауға тыйым салады. Енді қазақстандық тасымалдаушыларға бір шекаралы облыстың елді мекендері арасында тасымал жасау ұсынылып отыр. Бұл 300 елді мекеннің жолаушыларын тұрақты тасымалдауға қосымша мүмкіндік береді.

Жолаушылар мүддесін қорғау және мобилді қосымшаны пайдаланатын 50 мың жасырын тасымалдаушыларды «көлеңкеден» шығару мақсатында автомобиль көлігі туралы заңда «таксимен тасымалдау» ұғымын ескеру ұсынылып отыр. Осылайша көлікті жалдау шартын құрып, «Яндекс.Такси», Uber, InDriver сияқты сервистер арқылы жолаушыларды тасымалдау енді таксимен тасымалдауға жататын болады.

Теміржол және су көлігі саласында комиссия құрып, тергеу өткізу бойынша уәкілетті органның құзыретін және тергеу бойынша өкілдің міндеттерін реттеу ұсынылып отыр.

Автомобильдердің пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін Жол қозғалысы заңында «Міндетті техникалық байқау біргей ақпарат жүйесінің операторы» ұғымын белгілеу қажеттілігі және оның міндеттін реттеу жөнінде мәселе көтеріліп отыр. Бұдан бөлек, көлік саласында уәкілетті органның құзыретіне «Техникалық байқау» жүйесімен ақпараттық іс-қимыл жасайтын арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды бекітуді енгізу ұсынылып отыр.

Бұл техникалық байқаудан өткен кезде жалған диагностикалық карталарды беру мүмкіндігін жояды.

Халықаралық теңіз ұйымы аудитінің ескертпелерін жою аясында бірқатар халықаралық конвенциялар талаптарын имплементациялау нормаларын қарастыру көзделіп отыр. Кемелер тексерісін оптимизациялау мақсатында міндетті байқауды алты айда бір рет өткізу жоспарланып отыр. Заң жобасы 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Енді жаңа көлік мәселелері бойынша Заң жобасы Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі - Павел Казанцев жетекшілік ететін жұмыс тобында қаралатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527