Қазақстан терроризмге қарсы коалиция құрды
Қазақстанның бастамасымен алғаш рет 70 елден тұратын лаңкестікке қарсы коалиция құрылды, - деп жазады Абай-ақпарат turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті кодекске Нью-Йоркте қол қойылды. Идея авторы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2015 жылдың қыркүйек айында Елбасы БҰҰ мінберінен осы бастаманы жариялаған болатын. Осы жылдары терроризммен күресудің бірыңғай құжатының ережелерін сақтауға дайын елдерден коалиция құру бойынша жұмыс атқарылып келді.
Терроризмге тойтарыс беру және алдын алу бойынша Қазақстан ұсынған стратегиясын Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ұсынды. Делегация басшылары құжаттың қабылдануын халықаралық ынтымақтастықты және БҰҰ-ның терроризмге қарсы архитектурасын нығайтуда маңызды қадам болғанын атап өтті.
Abai.kz