Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3835 2 пікір 2 Қазан, 2018 сағат 12:11

Кəсіпкер болып қалыптасу үшін адамның маңдайы бір емес бірнеше рет тасқа тиеді

Бізде билік басындағылар мен банктер, квазимемлекеттік қаржы институттары "кəсіпкер" дегеннің кім екенін білмейді. Олардың кəсіпкерлікті қаржыландыру туралы шарттарын қарасаңыз таң қаласыз. Оларға қарызы жоқ, бұрын несие алып онысын уақтылы жауып тұрған, несие жабуды өмірі кешіктірмеген, жақын адамдары да тап-таза керемет тұлғалар керек. "Бұрын банкрот болсаңыз тіптен жолама" дейді. Мұндай шартқа сай келетін қазақстанда кəсіпкер бар ма?

Оу, айналайын министрлер, банкирлер! Өздерің бір кішкене кəсіп ашып көргенсіңдер ме? Кəсіпкер болып қалыптасу үшін адамның маңдайы бір емес бірнеше рет тасқа тиеді. Нағыз өз еңбегімен кəсіпкер болғандар мұны біледі. Əлде мемлекет бағдарламасы аясындағы қаржылар, қолдан көкелері қаржыландырып тап-таза етіп қолдан жасаған "князь кəсіпкерлер" үшін бөліне ме? Ондайлар кəсіпкер болып жарытпайды. Ондайлар бөлінген қаржының жартысын жеке қалтасына басып, "өндірісің өмерем қатсын" дейді. Міне, сондықтан біздің уралап ашқан өндірістеріміздің тоқтап қалғаны.

Қаржыны, өндіріспен айналысам деп əрекет жасаған, бұрын несие алып оны қайтарудың қиындығын басынан өткізген, несиесін уақтылы қайтара алмай зардап шеккен, яғни маңдайы тасқа тиген, бірақ өндіріспен айналысуды басты мақсат еткен табанды да талапты, тəжірибелі кəсіпкерге беру керек. Сондайларды іздеп жүріп беру керек. Дамыған елдердің банктері бір немесе екі рет банкрот болған кəсіпкерлерге басымдық береді.

Қазір біздегі кəсіпкерлердің қасіреті "кредитная история" болды. Тазалап алып кел дейді. Тазаны табамын деп бар халықты несиеге тығу мақсат па?
Мырзалар, жерге түсіңіздер! Кəсіпкердің нағыз өміріне үңіліңіздер! Шартты өзгертіңіздер! Сол кезде нағыз кəсіпкерлер пайда болады! Қолдан көкелері жасаған "тап-таза" 1000 кəсіпкерден, кəсіпкерліктің бар қиындығын басынан өткізген 1 кəсіпкер артық! Осыны есте сақтаңыздар!

Әбдімүтәліп Көбеевтің facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377