Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5785 0 пікір 3 Қазан, 2018 сағат 21:13

ЭКСПО-дан босаған хостелдер жатақханаларға айналуда

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың Астанада Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысу барысында белгілі болды.

Студенттерді жатақханамен қамту Астана үшін өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде елордада жоғары оқу орындары мен колледждердің 16 мыңға жуық студенті жатақханаға мұқтаж. Осы мәселені шешу үшін қалалық әкімдік «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін бос қалған хостелдерді уақытша жатақхана ретінде пайдалануды қолға алған. Бұл әрине пилоттық жоба. Яғни алдағы уақытта жаңа жатақханалар салынады. Бірақ соған дейін студенттер осындай орындарда тұрмақ.

Студенттер жатақханасына айналған сондай орындардың бірі «Әл-Қуат» хостелі. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов және партия Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов бастаған топ аталған нысанға арнайы барып, «Жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасының іске асырылуымен танысты.

Кешен директоры Гүлжанат Маусымбаеваның айтуынша, 400 орынға арналған бұл хостел 2015 жылы ашылған. Оның жалпы ауданы – 5 мың шаршы метрді құрайды. Яғни мұнда 90 бөлме, 150 орындық асхана мен 120 орындық мәжіліс залы бар. Нәтижесінде хостел арқылы «Әл-Қуат» компаниясы 18 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мұндай қадамның тиімді екенін айтты.

– Жатақханаға айналған хостелдерде студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғанын көріп отырмыз. Сондықтан осындай қадамды студенттерді жатақханамен қамтудың нақты әрі тиімді жолы деп деп айтуға толық негіз бар. Тіпті Астананың бұл тәжірибесін басқа да өңірлерде қолданудың берері мол деп есептейміз. Осылайша Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бас қаламызда сәтті жүзеге асырылуда. Бастамалардың әрі қарай да уақытылы және сапалы орындалуы үшін «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар аталған топ халықты қолжетімді баспанамен қамту аясында жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысымен танысып, Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371