Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 2487 0 пікір 2 Сәуір, 2011 сағат 06:01

Елордада «AstanaInvest 2011» инвестициялық форумы өтеді

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 4 мамырда елордадағы Тәуелсіздік сарайында 2 халықаралық «AstanaInvest 2011» инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталған форум өңірдің инвестициялық белсенділігін ынталандыру және елорданың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында IV Астаналық экономикалық форум аясында өткізіледі.

Әлеуетті инвесторларға  қала кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша ауқымды өңірлік мәліметтер қоры ұсынылады.

Форумды құрылыс, өнеркәсіп және мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін жобалар секциялары бойынша өткізу болжануда.

Бұл іс-шараға қатысу әлеуетті инвесторларға өңірдегі экономикалық, құқықтық және бизнес жүргізудегі басқа да шарттарды зерделеуге, Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының инвестициялық жобаларының тұсаукесері барысында инвестициялық әлеуетпен танысуға мүмкіндік береді.

Форум жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік компаниялардың, қаржы институттарының, республикадағы және өңірлердегі ірі және орта бизнес өкілдері қатысады.

0 пікір